СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫН КЕШЕНДІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 4

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  40  41  42  43  44  45  46  47  48  49  50  ..

 

 

 

 

 

Бекбаева Зейнеп  Нүсіпқызы

 

 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫН КЕШЕНДІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ

 (кәсіптік оқыту педагогын  тәрбие жұмыстарына даярлау  тәжірибесінен)

 

 

 

 

 

 

 

13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Кәсіптік педагогика» кафедрасында орындалды

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:

ҚР ҰҒА-ның академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

А.П.Сейтешев

 

 

Ресми оппоненттер:

 

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Әбдіраман Ш.

 

 

педагогика ғылымдарының кандидаты

Аманқұлов К.І.

 

 

Жетекшi ұйым:

 

 

 

Еуразия гуманитарлық институты

 

 

 

 

Диссертация 2008 жылдың  18  маусым   сағат  12  де           Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

 

 

 

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30, 3-қабат.

 

 

 

 

Автореферат 2008 жылдың   “____”  “_________” таратылды.

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, педагогика

ғылымдарының докторы, доцент                                         Көшербаева Ә.Н.


 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудiң көкейкестiлiгi.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген. Елбасы қол қойған мемлекетік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы тиіс.Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу айырықша мәнге ие.

Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық;  тәрбиелiк;  диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi  бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады.

Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан теориялық талдау мен практиканың рөлі жөнінде В.И.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің, И.Т.Фроловтың, Ә.Нысанбаевтың, Д.Кішібековтердің еңбектерінде философиялық тұрғыда теория мен практика ұғымдарының мәні талданып, А.Н.Леонтьев,  С.Л.Рубинштейн, Б.Ф.Ломов, Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, Н.К.Вахтомин,  Т.Тәжібаев, А. Темірбеков, Қ.Б. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х. Шериязданова, С.М. Жақыпов және т.б. еңбектерінде практика  таным процесінде ақиқатқа жетудің көзі  деген тұжырымдар жасалған.

А.В.Усова,  Г.А.Бакулина, Е.Б.Весна,  Ш.А.Абдраман, О.А. Абдуллина, В.А.Сластенин, С.Я. Батышев,  Б.К. Момынбаев, В.В. Егоров, Б.Ә. Әбдiкәрiмов, Н.Д.  Хмель, Н.В. Кузьмина, Л.К. Керімов, Т.П. Смолкина, А.А. Калюжный, Г.К.Нұрғалиева, Б.Р. Елманова, А.И. Пискунов, С.Яковлев, Б.Р. Айтмамбетова, Қ.Қ. Шалғынбаева, Л.И. Гусев, Г.К. Байдельдинова, Н. Иванова және т.б. ғалымдар жоғары мектеп педагогикасында педагогикалық практиканың орны мен маңызы туралы, А.И.Щербаков, В.В.Воробьева, Г.И. Михалевская, А.И.Панталеева және т.б. жалпы теориялық мәселелері, мазмұны, ұйымдастыру әдістері; А.П.Упорова, Н.А.Шамков, М.К.Танасейчук, Н.Е.Жақсылықова, Г.М. Сарсенбаева, А.Б.Бекманова практиканың оқу процесі мен студенттердің өзіндік жұмыстарындағы рөлін және орнын анықтау; В.А. Радионова, А.Ф. Линенко, К.С. Төребаева,  А.Б. Нургожина, К. Әбдімәжитұлы, К.І. Аманқұлов, А.И. Балабаева,  С.А.Жолдасбекова кәсіби маман даярлауды жетілдіру; Н.З.Еловая, В.К.Розов, С.Ш.Әбенбаев және т.б топ кураторы профессиограммасын құрастыру туралы ғылыми зерттеулер жүргізілген. Сонымен бірге А.П.Сейтешев педагогикалық практиканы теориялық білімдерін, педагогикалық іскерліктері және дағдылармен ұштастырып, кәсіби сапаларды қалыптастырушы маңызды алғышарты ретінде көрсеткен. Зерттеу барысында аталған ғалымдардың еңбектері мен педагогикалық практиканы жетілдіру туралы ғылыми тұжырымдары басшылыққа алынды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің: ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға гумандық қарым-қатынас, ұлттық үрдістегі өзіндік мәдениетін  сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуын талап етеді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші ретінде қалыптастырудың жаңа  тәсілінің дәріптелуін,  кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуін,  тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді. Осы мәселелердің іске асуы жоғары оқу орындарында кәсіптік мектептерде педагогикалық практиканы өткізудің дұрыс жолға қойылуына тәуелді.  Әзірге, жалпы тәрбие мәселесі, оның ішінде педагогикалық практика білім беру процесімен, оның мазмұнымен, жаңа бағдарламалармен, оқулықтармен, оқыту технологияларымен шектеліп отыр. Тәрбие мәселесінің кәсіптік жоғары оқу орындарында көлеңкеде қалып қойғаны жөнінде айта кеткен жөн. Қазіргі қалыптасқан жағдай екі әртүрлі, бірақ өзара байланысқан оқыту мен тәрбиелеу процесін бір «білім беру» терминіне біріктіреді. Соның нәтижесінде жалпы тәрбие процесі, оның ішінде педагогикалық практика барысындағы тәрбие мәселесі назардан тыс қалып қойды. Егер білім берудің құраушылары үнемі жаңаланып отыратын білім беру жүйесімен байланысты мазмұнды танымдық контекске бағытталған болса, онда тәрбие құраушылары жеке тұлғаның құндылық құрамына, оның адамгершілік, рухани мәдениетіне бағытталған кәсіптік мектеп тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қанағаттанарлық деп есептеуге болмайды, ол кәсіптік мектеп оқушыларына  тәрбиенің жеткіліксіздігімен тікелей байланысты.

Зерттеуге байланысты әдебиеттердi талдау, кәсіптік оқыту педагогтарын даярлайтын университет түлектерінің педагогикалық іс-әрекетін зерделеу, осы мамандықтарды даярлайтын факультеттер мен кафедралардың жұмыс тәжірибелерімен танысу, кәсіптік мектеп үшін педагог кадрларын даярлау тәжірибеге ғана негізделгенін, жеткiлiктi ғылыми негiзінің жоқтығын, нақтырақ айтқанда кәсіптік оқыту педагогтарын педагогикалық практика барысында тәрбие жұмыстарына даярлау мүмкіндіктерінің анықталмағанын; бірыңғай жүйенің жасалмағанын, педагикалық практиканың тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдердің, шарттардың, амал-жолдарының айқындалмағанын; ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың; кәсіптік мектеп оқушыларын кәсiби-өндiрiстiк еңбекке баулудың негiзгi құралы ретiндегi оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын кеңiнен қолданудың  психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негiздерiн жасауға бағытталған теориялық зерттеулердiң толыққанды жасалмағанын көрсетті. Демек, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын педагогикалық практика арқылы кәсіптік мектептегі тәрбие жұмысына даярлау қажеттігі мен оны даярлау үшін қажетті теориялық-әдіснамалық негіздеудің мазмұны мен мәнінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бары анық байқалады. Сондай-ақ қазіргі уақытқа дейін болашақ кәсіптік оқыту педагогын тәрбие мәселесін шешудің мәні неде екендігі, педагогикалық практиканың ролі, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын тәрбие жұмыстарына даярлаудың тұтас жүйесін қалай құру керек екендігі түсініксіз болып отыр.   

Осы айтылған мәселелердің өзектілігі, ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қарастырылмауы бiздiң зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру (кәсіптік оқыту педагогын тәрбие жұмыстарына даярлау  тәжірибесінен) деп таңдауымызға негiз болды.

Зерттеу нысаны:  жоғары оқу орнындағы біртұтас педагогикалық үрдіс.

Зерттеу пәнi: педагогикалық практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру.

Зерттеудiң мақсаты:  педагогикалық практиканы кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану арқылы жетілдіруді теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеудiң болжамы: «Кәсіптік білім» мамандығында оқитын студенттердің педагогикалық практикасын жоғары дәрежеде меңгеруге қол жеткізуге болар еді, егер педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар арқылы жетілдіру проблемасы ғылыми-теориялық тұрғыда негізделсе, педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тиімді әдістері, тәсілдері іріктеліп, оқу-тәрбие үрдісіне өз дәрежесінде енгізілсе, онда педагогикалық практиканы жетілдіру нәтижелі болып, қоғам талабына лайықты маман даярланады.

Зерттеудің  мiндеттерi:

1.   Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар арқылы жетілдірудің теориялық негіздерін айқындау;

2.   Кешендi тапсырмаларды жүзеге асыруда педагогикалық практиканың тиімділігін қамтамасыз ететін шарттарды анықтау;

3.   Тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететін педагогикалық мәселелер жүйесін шешуге бағытталған іс-әрекет жиынтығы ретінде кешенді тапсырмаларды орындау моделін жасау;

4.   Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар негізінде жетілдірудің әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда дәлелдеу.

Зерттеудің жетекшi идеясы: педагогикалық практиканы жетiлдiру, кешендi тапсырмаларды орындау және университет пен кәсiптiк мектептегi оқу-тәрбие үрдісін тұлғалық-бағдарлық негiзiнде ұйымдастыру жүзеге асуы тиіс.

Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi.  

Зерттеудiң басты әдiснамалық қағидалары: тұлғаның iс-әрекетте дамуы жөнiндегi философиялық-психологиялық теорияларына; қазiргi дүниедегi тұлғаның әлеуметтену ерекшелiктеріне; теория мен практиканың өзара байланысы жөнiндегi iлiмге; тұлға мен жеке адамның дамуындағы практиканың ролiне; тұтас педагогикалық үрдіс тұжырымдамасына; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға жүйелi-мәдени, кәсiби iс-әрекеттiк және тұлғалы-бағдарлық амал-әдiстерге; педагогикалық бiлiм берудi iзгiлендiру идеясына негiзделедi.

Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының ресми қаулы-құжаттары (Заңдар, қаулы-қарарлар); iргелi философиялық-әлеуметтiк, психологиялық-педагогикалық және әдiстемелiк еңбектер; Қазақстан Республикасының кәсiптiк мектептерi жұмысының тәжiрибесi, сондай-ақ зерттеушiнiң 10 жыл аралығындағы жеке өзiнiң педагогикалық, ғылыми-зерттеулiк тәжiрибесi болды.

Зерттеу әдiстерi: жұмыс анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттердi бiр мезгiлде жүзеге асыру кезiнде проблеманы теориялық талдаудан, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстан, педагогикалық жағдайларды қарастырудан, студенттер жұмысына бақылау жүргiзуден, сауалнамалардан, тестерден, әңгiмелесуден, студенттер мен оқытушылардың есептiк құжаттарын зерделеуден, эксперимент нәтижелерiне баға беруден, сұрыптаудан, математикалық тұрғыда өңдеуден  тұратын кешендi әдiстеменi пайдалана отырып жүргiзiлдi.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:

1.   Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар арқылы жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.

2.   Педагогикалық практиканың тиімділігін арттыратын кешенді тапсырмаларды жүзеге асырудың шарттары анықталды.

3.   Педагогикалық практиканы жетілдіру теориясының негізінде құрастырылған, әрекеттердiң бiрiздiлiгi мен оны орындау кезіндегі бағытты басшылықтың сипатын анықтайтын, белгілі бір бағдарлама болып табылатын кешенді тапсырманы орындау моделi жасалынды.

4.   Педагогикалық үрдістің тұтастығын бұзбай, оның нақты жағдайына студенттерді қатыстыратын кешенді тапсырмалар құрастырудың әдістемесі жасалынып, тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда тексерістен өткізілді.

Зерттеудiң практикалық мәнi:  

·     Кешенді тапсырмалар негізінде педагогикалық практиканың жаттығулар жүйесі;

·     «Оқушылардың адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру», «Қиын оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде жеке жұмыс жүргізу» проблемалары бойынша  кешенді тапсырмаларды орындау бағдарламалары;

·     Педагогикалық практиканы жетілдіру құралы ретінде құрастырылған кешенді тапсырмалардың теориялық негізделген және экспериментпен тексерілген әдістемесі жасалды.

Зерттеу нәтижелерiн жоғары және орта кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарында осы саладан бiлiм, iскерлiк, дағдыларын жетiлдiру мақсатында пайдалануға болады.

 

Қорғауға келесi қағидалар ұсынылады:

1. Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар негізінде жетілдірудің ғылыми-теориялық негізін айқындау, педагогикалық практиканы жаңа бағытта ұйымдастыруға себепші болады;

2. Кешенді тапсырмалар арқылы анықталған педагогикалық шарттар педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген жолдарын айқындайды;

3. Педагогикалық практиканы жетілдіру теориясының негізінде құрастырылған кешенді тапсырманың моделі оларды орындау кезіндегі басшылықтың сипатын, компоненттерінің өзара байланысын негіздейді;

4. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қорытындысы ғылыми-әдістемелік тұрғыда педагогикалық практиканы жетілдіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу кезеңдерi.

Зерттеулердiң жалпы идеясы мен қисынына байланысты жұмыстың келесi кезеңдерi бойынша жүйелендi.

Бiрiншi кезеңде (1997-2000 жж.) зерттеу проблемасы теориялық тұрғыда ойластырылды; философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау мәселелерi бойынша құжаттар, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық университетiнде педагогикалық практика ұйымдастырудың тәжiрибесi зерделендi; ғылыми болжам қалыптастырылды; анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент өткiзудiң бағдарламасы құрастырылды; сауалнама жүргiзiлiп, кешендi тапсырмалардың мазмұны және құрылымы анықталды.

Екiншi кезеңде (2000 - 2004 жж.) қалыптастырушы эксперимент өткiзiлдi, сонымен бiрге кешендi тапсырмалар әдiстемесi сынау, деректi материалдарды жинақтау және зерттеу  қорытындыларын шығару жүзеге асты.

Үшiншi кезеңде (2004-2007 жж.) қалыптастырушы эксперимент аяқталып, сонымен қатар зерттеу нәтижелерiн сынау  және оларды практикаға енгiзу жүзеге асты. Жұмыс студенттердiң педагогикалық практикасын ұйымдастыруға жауапты оқытушылармен, базалық кәсiптiк мектептердiң ұстаздарымен және сынып жетекшiлерiмен бiрлесiп жүргiзiлдi.

Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелділігі мен негізділігі категориялық аппараттың бастапқы ұстанымдарының теориялық және әдiснамалық негiзделуiмен, проблеманы соған сәйкес әдiстермен зерттеу арқылы шешу тәсiлiмен анықталады. Сонымен бiрге мұндай әдiс-амал тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстан алынған нәтижелермен дәлелдендi.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қазақ ұлттық аграрлық университетiнде (ҚазҰАУ) және III, IV курстардың  студенттерi практикадан өткен Алматы аграрлық колледжінде, Ұзынағаш ауылындағы (Алматы облысы) Жамбыл атындағы № 6 және  Талғар қаласындағы № 4 кәсіптік мектептерінде өткізілді.  Жаппай өткiзiлген айқындаушы эксперимент ҚазҰАУ-нiң үш студенттiк тобына  1997-2000 жж. - 78 студенттi, 2000–2003 жж. - 87 студенттi, ал 2003-2006 жж. - 58 студенттi қамтыды. Қалыптастырушы  экспериментке университеттiң 135 студентi қатысты. Зерттеулерге пән оқытушылары және оқу топтарының өндiрiстiк оқыту шеберлерi қатысты.

Зерттеу нәтижелерiн сынақтан өткiзу және ендiру эксперимент жүргiзу барысында жүзеге асты және зерттеудiң негiзгi қағидалары мен нәтижелерi ҚазҰАУ-нiң ғылыми кеңесiнiң мәжiлiстерiнде (1998-2002 жж.), ҚазҰАУ-нiң кәсiптiк педагогика кафедрасының ғылыми-әдiстемелiк секцияларында, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (1998-2007) баяндалды, сондай-ақ мерзімді басылымдарды жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламаларда көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кiрiспеден, екі тараудан,   қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.

Кiрiспеде зерттеудің көкейкестiлiгi, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, ғылыми жаңалығы мен практиалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.  

«Студенттердің педагогикалық практикасын жетілдірудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогикалық практиканың жалпы тұжырымдамасы төмендегідей ашып көрсетілді: а) тұлғаның кәсiби қалыптастыруындағы практиканың ролiн анықтайтын қазiргi философиялық зерттеулердi талдау арқылы; ә) педагогикалық практика жөнiндегi жетекшi психологиялық-педагогикалық зерттеулердi зерделеу және жүйелеу арқылы; б) педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар негізінде құрылымдау жолымен; в) тұтастай педагогикалық процесті қамтамасыз ететін педагогикалық мәселелердің жүйесін шешуге бағытталған, қисынды байланысқан іс-әрекеттердің жиынтығы ретіндегі кешенді тапсырмалар моделін жасау арқылы.

«Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар негізінде жетілдіру жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс» атты екінші тарауда кәсіптік мектептің оқу-тәрбие процесінің қарапайым элементтерін игеретін педагогикалық мәселелерді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен жалпы принциптері ашып көрсетілді, ІІІ курс студенттерінің кешенді тапсырмаларды орындауға әзірлігі анықталды, кешенді тапсырмаларды қолдану әдістемесі берілді, студенттердің кешенді тапсырмалармен жұмысының нәтижелері, олардың педагогикалық тиімділігі зерттелді, IV  курс практикасының ерекшеліктері ашып көрсетілді. Топтың кураторы, оқу тобының өндiрiстiк оқыту шеберiнiң тәрбие жұмысы жүйесiнiң бөлiгi ретiнде енгiзiлетiн кешендi тапсырмалардың күрделенуi негізделеді.

Қорытындыда теориялық талдау мен тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi бойынша қорытындылар мен ұсыныстар баяндалады.

Қосымшаларға практикалық зерттеу материалдары, авторлық жұмыстың бағдарламалары  енгiзiлген.

 

Негізгі бөлім

 

Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.

Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.

Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.

Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады.

Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық.

Педагогикалық практика проблемасының қазiргi педагогикадағы жай-күйiн талдау зерттеулердiң басым көпшiлiгiнiң болашақ педагогтардың кәсiптiк даярлығын жетiлдiруге арналғандығын көрсетедi, атап айтқанда, педагогтар шеберлiгiнiң негiзiне психологиялық-педагогикалық талдау жүргiзiлдi (А.П.Акимова, О.А.Абдуллина, В.К.Елманова, З.Ф.Есарева); педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу одан әрi жалғасуда (Н.А.Половникова, Н.А.Рыков, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков  және т.б.);  педагогикалық практиканы ұйымдастыру зерделенуде (О.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, З.И.Васильева, Э.А.Гришин, В.К.Розов, А.П.Сейтешев, В.А.Сластенин және т.б.); болашақ педагогтардың практика процесiнде кәсiби-педагогикалық iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастырудың ерекшелiктерi анықталуда (Е.И.Антипова, В.В.Воровьева, Н.З.Еловая, Б.Д.Красовский, Г.А.Засовина, Е.Б.Орлова, В.Н.Овчинникова және т.б.).

Ал болашақ педагог даярлығы жүйесiндегi педагогикалық тапсырмалар проблемасы әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Бұл мәселе (Н.А.Смирнова) жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмыс бойынша берiлетiн педагогикалық тапсырмалар түрiнде әртүрлi аспектiлерде қарастырылған; студенттердiң танымдық белсендiлiгiн және шығармашылық қабiлеттерiн дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық iс-әрекетiне зерттеушiлiк көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалардан тұратын ғылыми-педагогикалық нұсқау (В.М.Духовная, С.А.Зимичева). Сондай-ақ Н.В.Кузьмина педагогикалық мәселелер жүйесi ретiнде қарастырған репродуктивтiк және модельдеу жүйесi және О.А.Абдуллина зерттеп, әзiрлеген оқу-зерттеу тапсырмалары теориялық және практикалық жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар студенттердiң өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн қалыптастыру үшiн, тапсырманы орындау процесiн өз бетiмен бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын қалыптастыру үшiн жағдай жасайды  дей келе, «іс-әрекет мақсатымен және оны жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады» - деп  анықтама береді. Г.М.Коджаспирова «Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті әрекеттер жоспары» деп қарастырады.

Біз авторлардың осы аталған тапсырма ұғымдарына берген анықтамаларына тоқталамыз, оларды қолдай отырып, зерттеу пәнімізге қарай: «Тапсырма дегенiмiз мақсат қоюдан бастап нәтиже алғанға дейiнгi педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы», деп өз анықтамамызды береміз. Тапсырмалар құрастыруда мынадай талаптарды қанағаттандыруын қарастырдық: тапсырманың педагогикалық үрдістің барлық маңызды белгілерін қамтуы; кез-келген педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда жалпы мәнге ие болуы; педагогикалық  үрдісте кез-келген жағдайда бақылау жасау мүмкіндігінің болуы.

Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, бізге студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды анықтауға мүмкіндік берді:

-        практика барысындағы сабақтастық және студенттердің курстан курсқа өткендегі іс-әрекетінің көлемі мен мүмкіндігінің артуы;

-        студенттердің практика барысындағы нақты рөлі мен функцияларын анықтау;

-        студенттердің практиканың алғашқы күндерінен-ақ оқу-тәрбие жұмысына белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру;

-        практика бағдарламасына студент-практиканттардың оқушылармен өз бетінше тәрбие жұмысына жетекшілік етуге арналған тапсырмалар жиынтығын қосуы;

-        студенттердің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру деңгейіне байланысты дифференциалдық келіс;

-        практика бағдарламасына педагогикалық практика тиімділігін арттыру шарттарын енгізу. Студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін арттыру тек шарттарды анықтауды ғана емес, сондай-ақ осы үрдіске педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген жолдарын да талап етеді. Осыған орай бiздiң жұмысымызда студенттердi оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi зерттелiп, әзiрлендi   (1-сурет).

Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес педагогикалық практиканы жетілдіру, теория мен практика арасындағы алшақтықты жою үшін кешенді тапсырмалар құрастырылды.

Кешен (латынша complex, байланыс, үйлесiм) - нәрселермен құбылыстардың бiртұтас жиынтығы, жекелеген психологиялық және педагогикалық процестердi бiртұтас етiп, бiрiктiру.

Кешенді тапсырмалар:

- педагогикалық үрдіс мақсатының, мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн;

-  студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін;

-  педагогикалық процеске қатысушылардың жоғары деңгейлі тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастырады;

-жүйелі күрделенген педагогикалық жағдаяттарды жасап, оларды шешу тәсілдерін моделдей отырып педагогикалық практика барысында теория мен практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы студенттер тәрбие әрекеттерінің мәні мен мазмұнының механизмдерін меңгереді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын кәсіптік мектептегі тәрбие жұмысына даярлығына қажет алғышартты қалыптастырады.

Қарастарылған кешендi тапсырма ұғымына өз тарапымыздан анықтама береміз: «Кешенді тапсырма -  мақсат қоюдан (мәселелер қоюдан) нәтиже алғанға дейiнгi тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететiн, педагогикалық мәселелер жүйесiн шешуге бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы».

Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар келесi басты қағидалар негiзiнде құрылды:

1)     кешендi тапсырмаларды орындау үшiн пәнаралық бiлiмдер мен iскерлiктер қажет болды;

2)     педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы негiзiнде мақсаттың, құралдардың және орындалған нәтижелердiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн жүйелiк-iс-әрекеттiк  амал-әдiс таңдалынып алынды;

3) кешендi тапсырмаларды репродуктивтiктен шығармашылыққа дейiнгi өзгермелi тәсiлдермен орындауға мүмкiндiк берiлдi

Кешендi  тапсырмаларды аталған  қағидалардың негiзiнде құрастырудың әдiстемесi оларды практика мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың құралы ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бердi.

Зерттеуде кешендi тапсырманың моделi ұсынылды (2-сурет).


 

Модельге студенттер орындауы тиiс әрекеттердiң бiрiздiлiгiн   қамтитын жалпыланған алгоритм, оларды жүзеге асырудың мазмұны, тәсiлдерi мен формалары, қажеттi бiлiмдер мен iскерлiктер қарастырылған. Модель студенттердiң тапсырмалар орындау кезiндегi бiрiздiлiгi мен сипатын анықтайтын өзiндiк бағдар болып табылады.

Одан әрi студенттердiң кешендi тапсырманы орындау кезiнде педагогикалық үрдіс кезеңдерiн бейнелейтiн iс-әрекетiнiң құрылымы теориялық деңгейде зерттелiнiп, әзiрлендi:

-  I - диагностикалық-болжамдық кезең. Мақсат қою – әдіс-тәсілді таңдап алу;

-II – ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған әдіс-тәсілді жүзеге асыру;

-  III – бақылаушылық – нәтижелiк кезең. Жасалған жұмысты талдау, қорытындыларын шығару.

Әрбiр кезеңде болашақ кәсіптік оқыту педагогының кәсiби мәндi және аса маңызды педагогикалық iс-әрекеттерiнiң, сондай-ақ студенттер кешендi тапсырмаларды орындау барысында игеруi тиiс бiлiмдер мен iскерлiктер жиынтығы анықталды. Iс-әрекет құрылымын зерттеп, әзiрлегенде А.П.Сейтешевтiң педагог-тәрбиешiнiң жалпы педагогикалық iскерлiктерi кешенiнiң тұжырымдық моделi және В.А.Сластениннің педагогикалық мәселердi шешудiң кезеңдерi жөнiндегi еңбектерiн басшылыққа алдық (3-сурет).

Зерттеу барысында біз практиканттардың төмендегідей оқу-тәрбиелік іскерліктерді игеруі керектігін ұсындық:  тәрбие жұмысын жалпы адами және ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан жоспарлау, талдау және жүзеге асыру;  тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды оның тұлғасына деген терең құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң мінезді табу және жеке келістерді жүзеге асыру кезінде оған арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель іс-әрекет әдістемесін қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу мақсатында әдістемелер кешенін қолдану;  оқушыларды психологиялық зерттеудің оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның жекелеген жақтарын) талдау негізінде университет оқытушысы көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселеін қою және оны шешу жолдарын жоспарлау;  қойылған мәселелерді шешу мақсатында тәрбиеленудің формаларын, әдістерін және құралдарын таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын таңдау кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; - оқушылық топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша жұмыс ұйымдастыру; сабақтың және сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау; өзін кәсіби дайындаудың бағдарламасын құру және орындау; педагогикалық күнделік жүргізу.

 

 

 

 

 

 

Сурет 3  -  Оқу-тәрбиелiк  практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру кезеңдерi

Жүргiзiлген сауалнама нәтижесiнде студенттердiң педагогикалық практикаға даярлық деңгейi әртүрлi екендiгi анықталды және мұны студенттердiң кешендi тапсырмалар орындауында ескеру керек екендiгi анықталды. Практикаға даярлық деңгейiне байланысты студенттер кешендi тапсырманы әртүрлi тәсiлдермен орындады. Студенттердiң бiр бөлiгi кешендi тапсырма орындау үшiн әрекеттер алгоритмiн және алгоритмiнiң әрбiр элементiн орындауға байланысты нұсқаулар алды. Тапсырмалар репродуктивтiк деңгейде орындалды. Олардың екiншi бөлiгi кешендi тапсырмаларды орындау кезiнде қосымша нұсқаусыз, тек әрекеттер алгоритмiн ғана пайдаланады. Тапсырмалар репродуктивтiк-шығармашылық деңгейде орындалды. Ал ендi студенттердiң үшiншi бiр бөлiгi кешендi тапсырмаларды жасалынған алгоритмдi теорияға сүйенiп шығармашылық деңгейдi пайдалана отырып орындады. Зерттеу кешендi тапсырманы орындау тәсiлiнiң өзгерiмдiлiгi студенттердiң тапсырмаларды таңдауына және оларды шешу тәсiлiн өз бетiмен таңдап алуға мүмкiндiк бердi. Бұл оның кәсiби iс-әрекетiн, iс-әрекеттiң жекелеген тәсiлiн бағалай бiлу қажеттiгiн қалыптастыруға септiгiн тигiздi. Зерттелiп, әзiрленген әрекет алгоритмiнде  iс-әрекет мақсаты, құралдары және нәтижелерiнiң бiрлiгiн, сондай-ақ педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы көрiнiс табады.

Эксперименттiк зерттеудiң негiзiн тәрбиелiк тақырып бойынша жасалынған кешендi тапсырмалар құрайды. ІІІ курста “Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру” тақырыбы бойынша құрастырылған кешендi тапсырмаларда кәсіптік мектеп оқушыларының еңбекке, адамдарға, өзіне және өз мінез-құлқына қатынасын анықтайтын тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. IV курста «Қиын оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде жекелей жұмыс жүргізу» тақырыбы бойынша құрастырылған кешенді тапсырмада басты назар студенттердің өзіндік жұмыстарына аударылады.

Сонымен қатар кешенді тапсырмаларды құрастыруда біз ғылымилық, жүйелілік, реттілік, бірізділік, принциптері басшылыққа алдық.

Жоғарыда аталған кешенді тапсырманы практика жүзінде пайдалану үлгісін ұсынуды жөн көрдік:

Проблема: “Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру”.

Мақсат: демократиялық қазақ  қоғамының мүшесi ретiндегi оқушылардың адамгершiлiк бейнесiн, олардың қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзiне және өзiнiң мiнез-құлқына қатынасын анықтайтын моралдық сапалардың ғылыми негiздерiн оқу процесiнде, сыныптан тыс және кәсiптiк мектептен тыс жұмыста, еңбек iс-әрекетi процесiнде мақсатқа бағыттап қалыптастыруды ұйымдастыру.

Мiндеттер:

1. Оқу жылының тоқсанына арналған тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбие мiндеттерiн нақтылау;

2. Тәрбиелiк мiндеттердiң орындалу жолдарын жас ерекшелiктерiн және тәрбиеленгендiктiң жеткен деңгейiн ескере отырып анықтау;

3. Берiлген мақсатқа жету жолындағы ұжым ретiнде оқу тобының iс-әрекетiн ұйымдастыру;

4. Оқушылардың адамгершiлiк, мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру бойынша ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп жасалатын жұмысты қарастыру.

Кешендi тапсырмалар  орындаудың кезеңдерi.

Әрекеттер: I кезең - диагностикалық-болжамдық кезең. Тапсырма орындаудың мақсатын – “стратегиясын” анықтау.

1.Сынып жетекшiсiнiң жұмыс жоспарын зерделей отырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мiндеттерiн қою және шешу ретiн талдау, оқушылармен орындалатын тәрбиелiк iс-әрекеттiң мазмұнын, адамгершiлiкке тәрбиелеу процесiнiң әдiстемелiк нұсқауын мақсатқа бағыттап iрiктеп алу, ағымдық және қорытынды талдау, оқушылармен жүргiзiлген тәрбие жұмысын есепке алу, бұл iс-әрекеттiң нәтижелерiн бағалау, оқушылардың санасында, iс-әрекетiнде, мiнез-құлқында болған өзгерiстердi талдау.

2.Оқу тобы ұжымының адамгершiлiк тұрғыда дамуын,  тәрбиелiлiк деңгейiн, моральдық-этикалық кемелденуiн, қоғамдық белсендiлiгiн, оқушылардың ынтымақтастығын зерттеу, оқу тобының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастыру.

3.Оқу тобымен жасалатын жұмыстардағы негiзгi тәрбиелiк мiндеттердi, оқушылармен алдағы болатын өзара қарым-қатынаста кездесетiн қиындықтарды анықтау. Тоқсан iшiнде өткiзiлетiн тәрбие жұмысының жоспарын құру.

4.Оқушылардың жас ерекшелiктерiн, ұжымның адамгершiлiк жағынан қалыптасу деңгейiн ескере отырып, тұлғаның жетекшi сапаларын қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жоспарлау.

II -кезең - ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған стратегияны жүзеге асыру.

5. Оқушылардың адамгершiлiк тәжiрибесi жөнiнде алынған нәтижелердi талдау негiзiнде бастапқы жоспарларға түзету енгiзу.

6. Оқушылармен бiрлесiп алдағы iс-әрекеттiң мақсаты мен мiндеттерiн талқылау. Жоспарға шағын топтың  таңдап алған тақырыбы бойынша сынып жиынын өткiзудiң бiр формасын енгiзу.

7.Қойылған мiндеттерге және берiлген ұжымның ерекшелiктерiне сәйкес әдiстердi, формалар мен құралдарды таңдап алу. Адамгершiлiкке тәрбиелеу формаларының бiрiн таңдап алып, өткiзу (әңгімелесулер, пікірталас, т.б.).

8.Оқушыларды педагогикалық мақсаты неғұрлым жоғары топтың шараларына қатыстыру, бiлiмнiң, ұғынудың, әрекет ету ынтасының және мiнез-құлықтың арасындағы үзiлiстi  болдыртпайтын бағдарлаушылық-әрекеттiк тәрбие әдiсiн пайдалану. Жекелеген оқушылардың тапсырма орындауына көмектесу.

9.Ата-аналармен жасалатын жұмыстың бiрiн өткiзу: оқушыларға ұсынылған сауалнаманы қайталау немесе сұрақтарға жауап алу (Әңгiмелесулер, практикум, адамгершiлiк тәрбиесiнiң  жекелеген мәселелерi бойынша кеңестер өткізу).

III кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең.

Жасалған жұмысты талдау, қорытындысын шығару.

Берiлген кешендi тапсырманы пәнараралық бiлiмдерге сүйенiп орындауға болады. Студенттерге психологиялық-педагогикалық пәндердiң келесi мәселелерi бойынша тағы да материалдарды пайдалануға ұсыныс жасалынады. Бұдан әрі жалпы тапсырма оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру проблемасымен бiрiккен жеке тапсырмаларға жiктелдi.

Алдымен оқу-тәрбие үрдісінiң моделiне және қисынына сәйкес кешендi тапсырмалардың құрылымы қарастырылды. Студенттердiң назары оның тұтастығын түсiнуге аударылды. Мұндағы тұтастық тапсырма мақсаттарының оларды жүзеге асыру жолдарымен, қажеттi әрекеттердiң тiзбектiлiгiмен, қорытындыны шығарумен өзара тығыз байланыстылығын бiлдiредi. Пәнаралық  бiлiмдер негiзiнде шешiлетiн мәселелер ажыратылады, тапсырманы орындау үшiн қажеттi iскерлiктерге талдау жасалынады. Тапсырманы орындаудың мүмкiн тәсiлдерi, сондай-ақ iс-әрекеттi ұйымдастырудың мүмкiн формалары – фронталдық (жаппай), топтық, жекелiк және олардың варианттары жан-жақты қарастырылды. Одан кейiн оқушылардың жас ерекшелiктерi, кәсiптiк мектептiң педагогикалық ұжымдарының, оқу тобының нақты оқу-тәрбие мiндеттерi ескерiле отырып, тапсырмалар  анықталды.

Студенттердiң кешендi тапсырмаларды орындау сапасын талдау кешендi тапсырмаларды тек репродуктивтiк деңгейде орындауға даярланған студенттердiң  әрбiр қадамның, әрбiр келесi әрекеттiң толық сипатталып берiлуiне мұқтаж болатындығын көрсеттi. Тапсырманы шығармашылық деңгейде игерген және практикаға даярлығы жоғары студенттер практикалық iс-әрекетке тез және жеңiл кiрiсiп кеттi, нақты жағдайларды кешендi тапсырмалармен байланыстыра алды. Сонымен бiрге барлық студенттер кешендi тапсырманы орындаудың әртүрлi кезеңдерiнде қиындыққа кездесiп отырды. Олар I кезеңнiң диагностикалық тапсырмаларын ерекше қиындықсыз орындады, алайда практикаға өткен оқу тобындағы нақты тәрбиелiк жағдайды кешендi тапсырмамен  байланыстыра алмады, ең бастысы тәрбиелiк мiндеттi тапсырманың түйiндi тұсы ретiндегi негiздейалмады. II кезеңде студенттердiң  практикалық жұмысы адамгершiлiк-тәрбиелiк жағдайларды құруға байланысты тәсiлдi пайдаланумен ерекшелендi, студенттердiң кейбiрi белгiленген ережелер бойынша қадам жасаса,  екiншi бiреулерi  шығармашылықпен жұмыс iстедi.

Зерттеу практиканы ұйымдастырудың ұсынылған тәсiлi педагогикалық бiлiмдердiң артуына және тереңдеуiне ықпал еткендiгiн көрсеттi. Қалыптастырушы эксперимент нәтижесiнде бiлiмдер мен iскерлiктердiң деңгейi ғана артып қойған жоқ, сонымен бiрге олардың арақатынасы өзгердi, олардың арасындағы байланыс тығыздығы нығайып, беки түстi.

Нәтижесiнде бiз кешендi тапсырмаларды студенттердiң 33,3%-ы, репродуктивтiк тәсiлмен, 55,5%-ы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен, ал 11,1%-ы шығармашылық тәсiлмен орындағанын анықтадық. Студенттердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң едәуiр  өскендiгi байқалды (4-сурет).

 

 

 

Сөйтiп, эксперименттiк жұмысты IV курста жалғастырудың қолайлы алғышарттары жасалынды.

Зерттеу барысында студенттердiң IV курстағы практиканың ерекшелiктерi анықталды. Басты назар студенттердiң өзiндiк жұмысына аударылды. “Қиын оқушылармен оқу-тәрбие процесiнде жекелей жұмыс жүргiзу” тақырыбы бойынша кешендi тапсырмалар қарастырылды. Жүйелiк сипаты бар бұл тапсырмаларды студентттер әртүрлi iс-әрекет арқылы орындай алады.

Кешендi тапсырмаларды орындау алдында жекелiк келiс бойынша осы тапсырмаларды орындауға қажеттi әрекеттердiң келесi тiзбегiн қамтитын жаттығулар жасалынған педагогикалық практикум өткiзiлдi:

I-шi кезең -диагностикалық -болжамдық кезең.

-        ұжымның және қиын оқушы тұлғасы мәртебесiнiң даму деңгейiн зерттеу;

-        оқушылардың педагогикалық тұрғыдан құлдырап кетуiнiң себебiн анықтау; жасөспiрiммен байланыс орнату; жасөспiрiмнiң педагогикалық босаңсыған оқушылардың қандай тобына жататындығын; ұжымдағы, отбасындағы, оқуға, еңбекке, адамдарға, өзiне қатынастарын, оның қызығушылықтарын, бейiмдiлiгiн, немен айналысатынын анықтау;

-        қиын оқушының психологиялық-педагогикалық мiнездемесiн құру;

-        “педагогикалық консилиум” өткiзу;

    II-шi кезең -ұйымдастыру-практикалық кезең:

-        тәрбиелеу мен өзiн-өзi тәрбиелеудiң нақты мақсатты көздейтiн бағдарламасын жасау;

-        оқуда көмек ұйымдастыру, жасөспiрiмдi iс-әрекетке тарту, оқушыға iс-әрекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiн түсiнуге көмектесу;

-        жеке бақылау мен көмек жүйесiн ұйымдастыру;

-        ата-аналармен қарым-қатынасты қалыпқа келтiру, жасөспiрiмдi өзiн-өзi тәрбиелеуге үйрету;

III-шi кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең:

- жасөспiрiмнiң мiнез-құлқының, үлгерiмiнiң, ұжымдағы мәртебесiнiң сапалық өзгерiстерiн анықтау.

Тапсырманы репродуктивтiк тәсiлмен орындаған студенттер (26,2%), әдеттегiдей ұжымды және оқушы тұлғасының мәртебесiн зерделеудi ұсынылған кесте бойынша өткiздi. Тапсырманы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен орындаған студенттер ұсынылған кестемен бiрге оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеудiң басқа сұлбалары мен тәсiлдерiне қосымша әдебиеттердi пайдаланды. Iске шығармашылықпен қарайтын студенттер (17,5%) зерттелiнiп отырған оқушының тұлғасы, оның ұжымға және ұжымның оған қатынасы айқын бiлiнетiн жағдайларды қарастырды, оқушының назары оған байланыс жасауға даяр тұрған балаларға аударылды. Сауалнамалардан алынған мәлiметтердi дәлелдеу және толықтыру үшiн олар тәуелсiз сипаттамалар және қатысты бақылау әдiстерiн пайдаланды.

Студенттердiң оқушылармен жүргiзген жекелiк жұмысы “қиын” оқушылардың жақсы сапаларын оятуға, күштерiн терiс көрiнiстердi жеңуге жұмылдыруға, оқушыларды оқу тобының ұжымдық iс-әрекетiне жауапкершiлiк, тәуелдiлiк жүйесiне қатыстыру арқылы өзiн-өзi тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыруға бағыттайды. Кешендi тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған студенттер оқушыларды ұжымiшiлiк қатынастарға енгiзiп, бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауға үйрете бiлдi, сенiмдiлiк пен өзара сыйластық қатынастарын қалыптастырды. Студенттердiң жүйелi жұмысының нәтижесiнде оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу деңгейiнде өзгерiстiң болғаны анықталды. Бөлiмде келтiрiлген тапсырманы шығармашылықпен орындау, бiздiңше барлық студенттер ұмтылуы тиiс оңтайлы да орынды  тәсiл болып табылады. Кешендi тапсырманы орындаудың бұл тәсiлi студенттерден кәсiби iскерлiктердi қалыптастыруды, сондай-ақ тұлғалық сапаларын жетiлдiрiп, орнықтыруды талап етедi.

Зерттеудiң соңғы кезеңiнiң негiзгi көрсеткiшi студенттер iс-әрекетiнiң нәтижелерi және олардың кәсiби педагогикалық даярлығындағы қосымша қалыптасқан бiлiмдер мен iскерлiктерi болып табылады (1- кесте).

 

Кесте 1 - Студенттердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң практика  барысындағы даму көреткіштері (%)

 

Дейгейлер

 

Бiлiмдер

Iскерлiктер

Практикаға дейiн

III курстағы практикадан  кейiн

IV курстағы практикадан  кейiн

Практикаға дейiн

III курстағы практикадан  кейiн

IV курстағы практикадан  кейiн

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Жоғары

22,8

21,5

37,4

39,4

39,7

38,9

0

0

45,3

45,3

54,7

54,6

Орта

31,4

30,5

32,7

34,8

35,8

34,7

40,9

41,3

38,2

41,6

20,9

15,5

Төмен

45,8

48

29,7

25,6

24,5

26,4

59,1

58,7

40,9

28,2

-

13,1

Экспериметтiк топтардың (ЭТ) студенттерi – 70 адам

Бақылау топтарының (БТ)  студенттерi  -  65 адам

 

Бiлiмдер мен iскерлiктер көрсеткіштерін салыстырмалы талдау олардың деңгейiнiң эксперименттiк топтарда артуының жалпы үрдiсiн ғана емес, сонымен бiрге олардың арасындағы байланыс тығыздығының нығайғандығын көрсетедi.

Студенттердiң кәсiби даярлығында болған өзгерiстердi сараптайтын болсақ, олар практика барысында бастамалық пен дербестiк көрсетiп, 66,6% байқатты (бақылау тобында - 30,7%); педагогикалық бағыттылық студенттердiң 88,75%-ында байқалды (бақылау тобында - 61,7%); практикадан соң студенттердiң 50%-ында кәсіптік оқыту педагогы болу тiлегi орнықты (бақылау тобында - 38,4%); тапсырмалар бойынша жұмыс iстеу қажеттiгiне 95,8 %-ы ден қойды.

Тәжiрибелiк-экспериметтiк жұмыс барысында кешендi тапсырмаларды шығармашылық деңгейде орындаған студенттер саны 11,1%- дан 17,5%-ға дейiн, репродуктивтiк-шығармашылық деңгейде орындаған студенттер 55,5%-дан 56,2%-ға дейiн артты, ал тапсырмаларды репродуктивтiк тәсiлмен орындаған студенттер қатары 33,3%-дан 26,2%-ға дейiн кемiдi.

Сонымен, зерттеу нәтижелері теорияның практикамен байланысын, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарында педагогикалық проблемалардың әлдеқайда тиімді шешімдерін қабылдаудың зерттеушілік шеберліктерін қалыптастыруды көрсетеді. Студенттердің іскерліктері кешенді тапсырмалардың құрылымындағы жүйелі түрде жасалынған іс-әрекет және оларды игерілген білімдер негізінде саналау есебінен байи түсті, білім де байи түсті және олардың практикалық мәнділігі де өсті. Ертеректе қалыптасқан білімдер жаңа сапаға ие болды.

Зерттеу келесі  болжамды растады: кешенді тапсырмалар болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлау үшін психологиялық-педагогикалық білімдерді пәнаралық негізде интеграциялауға арналған нақты мүмкіндіктер туғызады. Бірақ бұл жерде студенттерге жеке келіс, олардың кәсіби іс-әрекетке даярлығы мен ұмтылысын құндылық ретінде, өзін жетілдірудің негізі ретінде есепке алу қажет.

 

Қорытынды

 

І. Ұсынылған жұмыс университет студенттерінің педагогикалық практикасын жетілдіру мәселесіне арналған.

Зерттеу педагогикалық практикасының тұжырымдамасын және жетілдіру технологиясын, сондай-ақ студенттерде инженерлік-педагогикалық іс-әрекеттің барлық компоненттері жүйелілігімен және тұтастығымен дамуына бағытталған әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық жоспардағы блоктан тұратын инженерлік-педагогикалық білім беру бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйені университеттің оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру болашақ кәсіптік оқыту педагогының педагогикалық практикасын жетілдіруде айқын көрініс берді. «Кәсіптік білім» мамандығын даярлауда, оның ішінде педагогикалық практиканы жетілдірудің ең тиімді жолдарын, кешенді тапсырмаларды құрастырудың ғылыми теориялық негізін, мүмкіндіктерін анықтауда «теория»,  «практика», «тапсырма», «кешенді тапсырма» ұғымдарына талдау жасалып, «тапсырма», «кешенді тапсырма» ұғымдарына анықтама берілді.

2. Зерттеудің теориялық тұжырымдамасында жетекші идея болып табылатындар: университеттердің кәсіби білім беру потенциалы мен ресуртарының нақты нәтижеге - кәсіби мәселелерді теориялық және практикалық шешуге дайын педагогтың педагогикалық іс-әрекетіне бағытталуы; болашақ кәсіптік оқыту педагогының педагогикалық практикасын синергетикалық, антропологиялық, тұлғалық-әрекеттік келістер негізінде тұрғызу.

Студенттің педагогикалық практика жағдайындағы педагогикалық іс-әрекеті қатынастың екі типімен сипатталады: студенттің педагогикалық әсер етуқұралына, пәніне деген субъект-объектілі шартталған қатынастары;  педагогикалық әсер ету процесіндегі практикант пен оқушылар арасында туындайтын субъект-субъектілі қатынастар.

Субъект-объектілі  қатынастар педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұнын түзеді, ол оқу-тәрбие процесінің мақсатымен, оқу тәртібі, тәрбиелік шаралар, оқытудың, тәрбиелеудің және оқушы дамуының формалары, әдістері және құралдарымен әсерлесу пәні арқылы анықталады.

Субъект-объектілі және субъект-субъектілі қатынастар өз тоғысуында педагогикалық процестің тұтастық құрылымын түзеді.педагогикалық іс-әрекет практикант пен оқушының тілдесуі осы құрылымның ядросы болып табылады. Осы өзара іс-әрекет пәні бірлескен іс-әрекетте объект ретінде болады, яғни педагогикалық өзара іс-әрекет өз бетінше емес, тек кейбір объектіге қатысты ғана өмір сүреді.

3. Педагогикалық практиканы біз зерттеу жұмысында практикалық іс-әрекеттің ерекше көрініс беруі ретінде қарастырамыз. Педагогикалық практиканы тұтас педагогикалық жүйе ретінде зерттеу тарихына тоқта отырып, кеңестік дәуірдегі және Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, етек-жеңімізді жиған кезеңдегі ізденістері қамтылды.

4. Сонымен қатар педагогикалық практиканың ерекшелігін ескере отырып, кешенді тапсырмалардың теориялық моделі тұрғызылды. Сондай-ақ кәсіптік оқыту педагогының кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің кешенді тапсырмаларды университет студенттерінің педагогикалық практикасында жүзеге асыру барысында қалыптасуы мен дамуы көпдеңгейлі, әр кезеңде сипатқа ие болатынын және оның компоненттерінің білім беру үрдісінде байқалу шамасымен анықталатыны, студенттердің оқу, кәсіби оқу іс-әрекетінде қолданылатын құралдар спецификасы, оларды пайдалану шарттары анықталды.

5. Арнайы құрастырылған кешенді тапсырмалар практиканттың жеке педагогикалық іс-әрекетінің мақсатын, оның кәсіби дамуының деңгейін сипаттайды. Егер ол берілген мақсат пен әдістемелік жұмыстарындағы оның тұжырымдалуын механикалық түрде қабылдаса, онда осындай мақсат түзілімі практиканттың педагогикалық іс-әрекетін репродуктивтік деңгейге төмендетеді. Мақсатты, оқу материалының мазмұнын және оқушының танымдық іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше тұжырымдалуы кезінде мақсатты түзіліміне деген мұндай келіс тапсырманы шығармашылықпен орындаудың алғышарты болып табылатыны айқындалды.

6. Зерттеу көрсеткендей студенттердің педагогикалық практикаға үйлесімді педагогикалық даярлығы практиканы жетілдіру мәселесін нәтижелі шешу үшін қажет. Бұл логиканың негізгі маңынасы тәрбие әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру, оның мәнін ұғыну; тәрбие әрекетінің жекелеген формаларын, әдістерін меңгеру; жасөспірімдік жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын меңгеру; осы іскерліктер мен дағдыларды тәрбие жұмысының әртүрлі формаларын, әдістерін және технологияларын ұйымдастыруға студенттерді тарту негізінде дамыту. Мұндай бірізділіктің тұтас жүйелерді дамыту теориясы түріндегі әдіснамалық негізі бар.

7. Эксперименттік жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, 3 және 4 курс студенттері практикадан өтетін Алматы аграрлық колледжінде, Ұзынағаш ауылындағы (Алматы облысы) Жамбыл атындағы № 6 және Талғар қаласындағы № 4 кәсіптік мектептерде жүргізілді. Зерттеу барысында педагогикалық практикада студенттердің білім деңгейі мен кәсіби қалыптасу дәрежесі талап деңгейінен төмен екендігін көрсетті.

Қалыптастыру эксперименті студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіруге арналған кешенді тапсырмалар моделі мен бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Зерттеудің негізін тәрбиелік тақырып бойынша жасалынған кешенді тапсырмалар құрады. Педагогикалық практика барысында әртүрлі тәрбиелік шараларды құрастырумен қоса, оқушыларды бақылау және зерттеу, мәліметтерін жинау, оларды талқылау, талдау, мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарын таңдап алу, нәтижелерді болжау, іс жүзіне асыру, студенттердің ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмыстарына көңіл бөлінді. Қорыта келгенде, ғылыми зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен болжамына сәйкес алынған міндеттерді орындап, белгілі нәтижеге жеттік деп ойлаймыз.

8.Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде «Кәсіптік білім» мамандығының педагогикалық практикасын жетілдіруге арналған кешенді тапсырмалардың бағдарламалары даярланды. Теориялық қағидалар мен тәжірибелі-педагогикалық жұмыстардың нәтижесі төмендегідей қорытындылауға ықпал етті:

- қоғамның сұранысына сәйкес жоғары оқу орнындағы «Кәсіптік білім» мамандығының студенттерінің педагогикалық практикасын жетілдіру қажеттігі туып отыр;

- кешенді тапсырманы құрастырудың және оларды студенттердің педагогикалық практикасында қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздері жасалды.

- біртіндеп күрделенетін  педагогикалық тапсырмаларды шешу жолдарын моделдей отырып, педагогикалық теория мен практиканы интеграциялауды тұтас жүйелі ұйымдастырғанда толық жүзеге асады;

- педагогикалық практиканың кешенді тапсырмаларды жүзеге асыру негізінде студенттердің кәсіби қалыптасуына ең тиімді ықпалының жағдайлары айқындалды.

- болашақ кәсіптік оқыту педагогтарында оқу мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін үш негізгі талаптарға жауап беретін арнайы іріктеліп алынған педагогикалық тапсырмаларды қолданған жөн: педагогтардың тәрбие әрекетінің қазіргі жағдайға сәйкес келуі; студенттер меңгерген теориялық білім мен практикалық іскерліктер көмегіне сүйену; студенттердің тәрбие іс-әрекетінің шығармашылық сипатын олардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы мен шешуінің стандартты емес жолдарын өз бетінше іздеуге ынталандыру.

- студенттерің педпрактика барысында педагогикалық іс-әрекетінің қалптасуына бағытталған кәсіби дайындығының жүйесі негізделіп, ұсынылды және енгізілді. Онда білім беру мазмұны концентрациялық принцип бойынша құрылымдалады, ал сабақтардың әдістері мен формалары студенттің субъектілік даму қисынын ескере отырып қолданылады, оның нәтижелілігі дәлелденді.

Аталған тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, төмендегідей ұсыныстар беріледі:

- кәсіби білімін қамтамасыз етуге бағытталған студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері, оқытушылар басшылыққа алатын әдістемелік нұсқаулар шығару;

- институттың, университеттің кәсіптік мектептерде студенттердің педагогикалық практикасын өту базасымен ынтымақтастығын жетілдіру;

- болашақ кәсіптік оқыту педагогтарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті іскерліктер мен дағдылар жүйесін қалыптастыруды педпрактика кезеңдеріне сай бөліп, студенттерде іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтайтын бақылауды әрбір кус соңында жүргізіп отыру қажет.

- педагогикалық практика студенттердің кәсіби маман ретінде қалыптасуының негізі десек, келешекте әрбір практиканыңғ түріне байланысты арнайы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қажет деп санаймыз.

Жасалған зерттеу жұмысы кәсіптік мектеп үшін шешуі көкейкесті, күрделі болып табылатын тәрбие сферасымен ғана шектелді. Сондықтан күрделендірілген кешенді тапсырмаларды педагогикалық практикада кәсіптік мектептің бүкіл оқу процесін қамти отырып жүзеге асыру әрі қарайғы тереңдетілген ғылыми ізденісті қажет етіп отыр.

 

 

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Пути формирования и воспитания ученического коллектива. – Алматы.:КазНАУ, 1998, 23 с. (В соавторстве с А.П.Сейтешевым)

2.Теоретико-методологические основы совершенствования педагогической практики. - Изд. ROND&A, Алматы, 1999, 31 с. (В соавторстве с А.П.Сейтешевым)

3.Нравственное просвещение учащихся  профтехшкол. – Алматы.: КазНАУ, 1999, 28 с. (В соавторстве с А.П.Сейтешевым)

4.Учебно-воспитательная работа в профтехшколах. –Алматы.: КазНАУ, 2000, 50 с. (В соавторстве с А.П.Сейтешевым)

5. Условия совершенствования педагогической практики студентов предвыпускного курса на основе комплексных заданий. - Изд. ROND&A, Алматы, 2001, 28 с. (В соавторстве с А.П.Сейтешевым)

6. Таныстыру педагогикалық практикасы. - Алматы.:КазМАУ, 2001, 34 б. (А.П.Сейтешевпен авторлық бiрлестiкте)

7. Пути совершенствования педагогической практики студентов выпуского курса на онове комплексных заданий. - Изд. ROND&A, Алматы, 2003, 31 с. (В соавторстве с А.П.Сейтешевым)

8. Реализация психолого-педагогических условий формирования педагогической деятельности студента в образовательной системе университета. // сб.Материалы научно-практической конференции «Интеграция науки и практики в условиях мирового …». – Алматы, АГУ, 2003, с.40-45

9. Жоғары мектеп педагогикасының тарихында педагогикалық практиканы ұйымдастыру және жетiлдiру проблемасы / Материалы международной научо-практической конференции. – Алматы: КазНАУ, 2003, 45-50б.

10. Педагогикалық практиканы жетiлдiрудiң жолдарын теориялық негiздеу // Вестник КазНУ им.аль-Фараби, Алматы, 2003 № 3

11. Педагогикалық практиканы кешендi тапсырмалар қолдану негiзiнде жетiлдiру //Iзденiстер, нәтижелер,Алматы,ҚазҰАУ, 2003, № 1

12. Кешендiк тапсырмаларды және оларды бiтiруші курс студенттерiнiң педпрактикасында жүзеге асырудың жолдарын күрделендіру  // Ұлт тағылымы, Алматы, 2003, № 4

13. Моделирование профессионализма инженера-педагога // Исследования, результаты, КазНАУ, Алматы, 2003, №3,4 (В соавторстве с Б.Б.Курбаналиевым)

14. Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар негізінде құру // Ізденіс. Поиск, Алматы, 2004, №1(2),

15. Студент тұлғасын кәсіби қалыптастыруда педагогикалық практиканың ролі // Әл-Фараби атынд. ҚазҰУ 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция және  Тәжібаев оқуларының материалы, Алматы,, 2004,

16. Болашақ педагогтар дайындауда педагогикалық практиканың ролі // Хабаршы, Әл-Фараби атынд. ҚазҰУ,  Алматы, №1(12), 2004

17. Теоретическое и практическое обоснование педагогической практики // Материалы международной научно-практической конференции. – «Мировая образовательная политика в контексте трансформации системы образования», Алматы-Москва, 2006, 88-93 с. Часть, І (В соавторстве с Б.Б.Курбаналиевым)

18. Организация педагогической практики в истории высшей педагогической школы // Материалы международной научно-практической конференции.-«Мировая образовательная политика в контексте трансформации системы образования», Алматы-Москва, 2006, 93-98 с. Часть, І (В соавторстве с А.Омирзак)

19. Студенттерді тәрбие жұмыстарына даярлауда педагогикалық практиканың ролі // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – «Білім беру жүйесін трансформациялау тұрғысындағы әлемдік білім саясаты», Алматы-Москва, 2006, 48-50 б.,  3 бөлім

20. Теоретическое обоснование условий соверешнствования педпрактики на основе комплексных заданий // Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, Алматы, №2 (18), 2007, 36-43 с.

21. Методика оценки эффективности выполнения комплексных заданий студентами выпускного курса // // Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, Алматы, №2 (18), 2007, 107-112 с.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  40  41  42  43  44  45  46  47  48  49  50  ..