Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 4

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар

 

Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр

 

 

 

 

Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, жлоғымыз түгенделуде. Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Тұрар, Мұстафа сынды арыстарымызды алыш болып ардақтап, талай тұлғаларымызды тұғырына қондырдық. Хандарымыздың, батыр-билеріміздің қадіріне жетіп, ұлттық салт-санамызды қайта жаңғыртқанымыз – елдігіміздің белгісі. Оған тәубе, десеміз.

Мызғымастай көрінген кеңестік империя күйреп, тіліміз бен дініміз, діліміз есіктен көтеріліп, терге озды. Тарихымыздан ажырап, озгепің жырын жаттап, батырын мақтап, өгей баланын күйін кешіп едік, ол сорақылықтан біржолата   құтылдық.

Құдайға шүкір, азаттығын алған қазағымыз қазір өзгелер аддында еңсесін тіктеген іргелі ел. Рухтандырып, намысымызды жанып, айбынымызды асқақтаған ел тұтқаларын қасиеттеп, өрліктері көңілден өшпесін деп бейнесін сомдап орнатудамыз. Елім деп егесіп, тәуелсіздік үшін текетіріскен ерлеріміздің туған топырағымызда жетерлік.

Тәуелсіздік алғалы ұлттық сана-сезімнің, қазақ халқының мемлекеттілігінің жаңғыруына, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қайта баға беруге мүмкіндік туғаны ақиқат. Нәтижесінде, көптеген ескерткіштер тұрғызылып, ұрпақты  ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге септігі тиюде. Облысымызда осындай отызға тарта тарихи және монументті өнер туындылары орнатылды. Олардың ішінде ел тәуелсіздігі жолында жан алып, жан беріскен батыр тұлғаларымыз, ғұламаларымыз бен даналарымыз бар. Бүгін біз азаттықтың ақ таңы атқан он бес жылда Жамбыл өңірінде бой көтерген қайраткерлеріміздің бірқатар ескерткіштерін қалың оқырманымызға ұсынып отырмыз.

 

Мұхамед Хайдар Дулат (1499-1551) – белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын – «Тарих-и Рашидидің», «Джаһаннаме» дастаныңың авторы.

1998 жылы туғанына 500 жыл толуы құрметіне М.Х. Дулат атындағы ТарМу-дің алдына ескерткіші орнатылды.

 

 

Қойгелді Сартұлы (1702-1795) – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте қол бастаған атақты қолбасшылардың бірі. Ол тӨле бидің сенімді серігі, жұмсар батыры болған. Қойгелді түрлі шайқаста жекпе-жекке шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғарлардың 9 батырын өлтіріп, қазақ сарбаздарын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Ол қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Қойгелді батыр ескерткіші 1998 жылы облыс орталығында Төле би көшесі мен Қойгелді батыр атындағы көше қиылысында орнатылған.

 

 

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – қазақ халқының әскери қайраткері, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. 1941 жылы соғыс басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. «Ұшқан ұя» кітабы үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976) атанды. Тараз қаласының орталығындағы облыстық қазақ драма театрының алдына 2000 жылы қазан айында Б. Момышұлының ескерткіші орнатылды.

 

 

Ақәділ Суханбаев (1920-1944) – Кеңес Одағының Батыры. Стжельцовизна деревнясы үшін болған ұрыста ол Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулемет оқ шашқан доттың амбразурасын өз денесімен жапты. А. Суханбаевтың ескерткіші 2005 жылы Тараз қалалық әскери қорғаныс істері басқармасы алдында орнатылды.

 

Қосы Сәмбетұлы (1670-1760) – қазақ-жоңғар соғысының айтулы қаһармандарының бірі. Қосы батыр жауынгерлік ерліктерімен қоса мәмлегер, елші ретінде де халқына көп қызмет еткен. Атақты қолбасшы Бөгенбай батыр мен Төле бидің тапсырмасымен кең-байтақ қазақ өлкесінің талай түпкірін шарлаған. Аңырақай шайқасында мыңбасы болған. Қосы батыр құрметіне ұрпақтары 1998 жылы Байзақ ауданының Суханбаев ауылына Ақбақайдың көк тасынан қашалған ескерткіш орнатты.

 

 

Байзақ Мәмбетұлы (1789-1864) – Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр. Байзақ датқа Қоқан отаршыларының айтқанына көнбей, қазақтардың мүддесіне қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылады. Оның сарбаздары  Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше бекінісін алды. Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. Байзақ батыр ескерткіші Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылына кіреберісте биіктеу төбе үстіне 1998 жылы орнатылды.

 

 

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – ақын, жырау, жыршы. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері – оның айтыстары.  Екінші дүниежүзілік соғыста ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 2002  жылы облысымыздың Жамбыл ауданындағы орталық алаңда Жамбыл ескерткіші бой көтерді.

 

Рысбек Шінетұлы (1741-1824) – батыр. Оның батырлық даңқы 1729 жылы Аңырақай шайқасында ерлік жасаған Қойгелді, Өтеген, Сеңкібай, Саңырық, Тойбек батырлармен бірге шыққан. 1757 жылы Сайрам мен шымкент қалаларын жоңғар басқыншыларынан азат ету соғысына қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен. Ескерткіші Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында 1991 жылы тұрғызылған.

 

Қарасай Алтынайұлы (1598-1671) – ел ұраны болған, «Қазақтың Қарасай батыры» аталған ерекше тұлға. 1652 жылы жоңғарлармен болған шайқаста Жәңгір ханның өлімімен аяқталған қазақ жасақтарының жеңілісінен кейін, ел басына қиын-қыстау күн туғанда, ел бірлігін, халық намысын қорғауды Қарасай Алытнайұлы өз қолына алды. жауға қарсы жасақ құрып, жоңғар әскерлерін Шу бойынан бастап қуып Іле өзенінен, одан әрі Жоңғар қақпасынан асыра өткізіп тастайды. Суықтөбе басына жеңіс туын тігеді.

1998 жылы Қордай ауданында Қарасай батырдың туғанына 400 жыл толуы кең көлемде аталып  өтті. Батырдың ұрпақтары мекендейтін Қарасай батыр ауылында ескерткіш орнатылды.

 

Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6-7 ғ., кейбір деректерде 10-11, 14-15 ғ. өмір сүрген) қазақтың елі мен жерінің тұтастығын қалыптстыру жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ұлы жүздің Үйсін, Суан, Дулат ру-тайпаларының түп атасы. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. 2002 жылы Тараз қаласындағы Достық алаңында елін, жерін қорғап, оның тұтастығы мен  бостандығы үшін күрескен батыр, әрі би, бүкіл алаш жұрты қастерлейтін ұлы бабамыз Бәйдібекке еңселі ескерткіш ашылды.

 

 

 

Өтеген Өтеғұлұлы (1699-1773) – XVIII ғасырдың  бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етуге атсалысады. Аңырақай даласындағы алапат шайқаста қалмақтың бас батыры Бохтишарды жекпе-жекте өлтіруі шайқастың жеңіспен аяқталуына жеткізген.

1999 жылы Қордай ауданының Өтеген ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойы өткізіліп, аудан орталығында еңселі ескерткіш орнатылды.

 

Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834-1910) – он тоғызыншы ғасырдағы қазақ халқының қайраткер ұлдарының бірі – Жетісу өңірінің белгілі шешен биі. Ресей патшасы армиясының шенін алған. Ол өмір сүрген кезең Қоқан хандығының қазақ, қырғыз жерінің бір бөлігін билеп-төстеп тұрған кезімен тұс келді. Абылайлық саясатты қолданып қоқандықтармен де, орыстармен де тіл табыса білген оның Шәбден манаппен де терең түсіністігі Кенесары ханның өлімінен кейін ушығып тұрған қырғыз-қазақ қарым-қатынасын қалпына келтіруге септігін тигізді.

2005 жылы маусым айында Қордай ауданының орталығында оған еңселі ескерткіш ашылды.

 

Кенен Әзірбайұлы (1884-1976) – жыр алыбы Жамбыл бастаған ауыз әдебиеті сүлейлерінің соңы. Халық поэзиясы көгінде ең жарық, ең жарқын жұлдыздардың қатарында орын алатын аса көрнекті өнер иесі, бір бойына ақындық, сазгерлік және әншілік қасиеттері қатар дарыған, елімізге еңбек сіңірген қайраткер.

Кененнің соңында 17 дастан, 150-дей ән, 10-нан астам айтыс, халық қазынасынан жинаған том-том қолжазбалар қалды. Ол сонымен  қатар күші де еді. Қазақ КСР-нің Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың ескерткіші Қордай ауданының Кенен ауылында 2002 жылы орнатылды.

 

 

Жауғаш Қырбасұлы (1733-1782) – Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, «Жаралы жолбарыс» деп атаған. 1754-1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Биыл Меркі аудаының орталығында Жауғаш батырдың ескерткіші тұрғызылды.

 

Сыпатай Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68) – XIX-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ батыры. Жастайынан қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. 2002 жылы Сыпатай батырға Меркі ауданының іргесінен үлкен ескерткіш тұрғызылды.

 

Биназар Ақеділұлы (1802-1860) – Қоқан хандығына қарсы күресте  Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған батыр. Кейін Шу өзеніне тоған салып, ауылын егіншілікпен айналысуға баулыған. Биназар Ақеділұлының ескерткіші есімі берілген ауылда 2004 жылы Тәуелсіздік күні мерекесінде ашылды.

 

 

 

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің  қаһарманы. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Қайрат еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші 1992 жылы Моынқұм ауданының Бірлік ауылында орнатылды.

 

 

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) – мемлекет қайраткері. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. 1926 жылы Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының  орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Түрксіб темір жолын салу жөніндегі үкімет комиссиясының орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. 1937 жылы сталиндік жазықсыз жазалау құрбаны болды. 2002 жылы Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында оның ескерткіші тұрғызылды.

 

Шоқай Қарабекұлы Қаратау өңірінде, Саудакентте XIX-ғасырда өмір сүрген белгілі тарихи тұлға. Шоқай Қоқан ханы сарайының лауазымды қызметі – датқа атағын алғанмен, Құдияр ханға және оның шылауындағы зорлықшыл топқа емес, өзінің халқына қалтқысыз адал қызмет етті. 2001 жылы Сарысу ауданының Саудакент ауылында ескерткіші орнатылды.

 

 

 

Ұлбике Жанкелдіқызы (1825-1849) – қазақтың ғажап айтыскер ақыны, жезтаңдай әнші, дәулескер күйші. Ұлбике ақынның шығармаларын В. Радлов Петербургте бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялаған.

Ұлбике ақын ескерткіші туғанына 180 жыл толуына орай, 2005 жылы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында тұрғызылды.

 

 

 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – Қазақстанды ширек ғасыр бойы басқарған қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері. Үш мәрте Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1952), техника ғылымдарының докторы. Ірі ұйымдастырушы және көрнекті мемлекет басшысы ретінде танылды. Талас ауданының Ақкөл ауылында 2002 жылы туғанына 90 жыл толуына орай Д. Қонаевқа ескерткіш қойылды.

 

 

Төле би Әлібекұлы (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты би, мемлекет қайраткері. Ол Қазыбек және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа жағдайдағы тіршілікке сәйкес бай мазмұн мен түр беріп қайта түзді. «Жеті жарғы» атанған түзілген құжатта ертеден келе жатқан дала демократиясы ескеріліп, жаңаша көзқараста жер мен жесір дауы, құн мәселесі, т.б. әділ шешімін тапты. Төле би бабамыздың ескерткіші 1993 жылы Шу ауданының Төле би ауылында орнатылды.

 

Ақ жол.- 2006.- 16 желтоқсан. – 5б.

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..