Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

 

3.3  

Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары

 

Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштегі кездесетін антропонимдер бізге көне түрік ескеркіштер арқылы белгілі.

Ч.М.Гусейндзенің «Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштерінің көне түрікі антропонимдер» деген мақаласында араб жазу ескеркіштегі антропонимдердің (кісі есімдерінің) этимологиясы берілген [120, 291 б.]. Мысалы, Boran Боран, Буран  есімі, араб деректерінде бұл парсы Хосорва Парвиза (VІІІ ғ.) әмірінің қызының есімі және Момина (ІVғ.) халифтың әйелінің есімі. Боран есімі ресми есімінен кейінгі берілген лақап есімі. Хосрова Парвиза әмірінің қызынің ресми (шын) аты - Захра, ал Момина халифтің әйелінің аты - Хадиджи екен [121, 382 б.].

Ортағасырда түркі антропонимдерінде екі есім болуы (ресми есім және лақап ат) түркі халықтарына тән екендігі жоғарыда қарастырылды. Түркі халықтарында Боран есімі өзбек тілінде Буран, әзірбайжан тілінде Боран, қазақ тілінде Боран деп айтылады. Боран сөзі түрік тілінде бора етістіктен құрлып «буран, вьюга, метель, гроза, грозовой ливень, туман, непогода» қазақша «боран, бұрқасын, найзағай, тұман» деген мағына береді. Боран, Буран екі сөзден тұрады, бур етістігінен және -ан деген қосымшадан. Bur-Бур сөзі (крутить, сверлить, кружится, поворачиваться, гнуть) қазақша борау, бұрғылау, айналдыру, қайысу етістігі.

М.Қашқаридің сөздігінде бур сөзі хош иіс шығару 1) пахнуть, блогоухать: Yipor burdi мускус блогоухал 2) испариться SW burdi вода испарилась деп көрсетіледі [122, 280 б.]. 

Ю.Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (Құт әкелетін білім) еңбегінде бур сөзі хош иіс шығару (блогоухать) деген мағына береді. Сонымен Боран, Буран антропонимінің бірінші компоненті бур хош иіс шығару, ал -ан қосымшасы кісі есім жасайтын туынды аффикс. Мысалы,  Buran, Basan, Гыjan Сэлчук, Долак Уран т.б. есімдері бұған дәлел. Боран есімі әйел есімі екені бұл сөздің мағынасынан көреміз. Өйткені түркі халықтарының әйел есімідері әсем, сұлу, нәзік, мөлдір деген мағыналарды білдіреді. Ал Боран есімінің синонимі Жазира деген есім деп айтуға болады. Өйткені Жазира жағымды, жап-жақсы яғни хош иіс.             

Келесі антропоним Маңкушур Ибн ал-Асира «Камил фит-тарих» еңбегінде әзірбайжан тілінде Минкичовр. Бұл есім екі компонентен тұрады men және cur. Бірінші компоненті мен «родимое пятно» menli «пятнистый», menbars «пятнистый барс» (тигр), mencur «с родимымы пятном, меченый» менімен (енсалу) деген сөз. Сонымен бұл есім мені бар адамға қояды, қазақ тілінде осы сөзбен тіркескен кісі есімдері де кездеседі. Мысалы,  Менгүл, Менжан т.б.

Тарихи ескерткіштермен эпостың жырлардағы этноантропонимдердің этностық танымы мен әлеуметтік болмысына сәйкес қалыптасқанын көрсетінін лингвомәдени талдау дәлелдейді. Мысалы: Бай + бөрі, Бай + сары, немесе Сары + бай, Қара + бай, Бай  + шұбар, Баршын, Қараман, Қаратау, Көкаман (Гокман). 

Проф. Т.Қоңыратбаев «Қорқыт ата кітабы» мен «Күлтегін» ескерткіштеріндегі антропонимдерді салыстырып, тарихи этникалық үрдіспен сабақтастырады:

 

 

«Қорқыт ата кітабы»

 

 

«Күлтегін», «Тоныкөк»

   Ақсақ

   Базқаған

   Аруз

   Байырқы

   Әмен

   Бомын

   Байбура бек

   Бөгі қаған

   Бәмсі Бейрек

   Бөлен

   Бану шешек

   Еркін

   Баяндүр

   Елбілге

   Бекіл

   Елтеріс

   Бисат

   Иоллығ тегін

   Бұқашық

   Күлтегін

   Ғафлет

   Күн Сеңұн

   Дирсе хан

   Қапаған

   Домрул

   Құшы тұтық

   Доқа

   Мақраш

   Дондаз

   Сілікбек

   Дуран

   Тадақын шор

   Дүкер

   Тінесі

   Дүлек Боран

   Тоңра Сем

   Иекенк

   Түрік Білге

   Екрек

   Тоныкөк

   Елік

   Оң тұтық

   Қазылық

   Інел қаған

   Камбура (Бамбура)

   Іспе Лікең

   Қан Төрәлі

   Істемі

   Қаңлы

   Нең Сеңүн

   Қара Бодақ

   Удар Сеңүн

   Қара Көне

   Ынаншы

   Қиян Селжүк

   Шалшы

   Қорқыт

   Чаң Сеңүн

   Құтлу Мелік

   Чач Сеңүн

   Оқшы

    __________

   Рүстем

    __________

   Салор Қазан

    __________

   Секрек

    __________

   Ораз

    __________

   Ұлаш

    __________

   Ұшан

    __________

   Әнкеш

    __________

   Жоқлы

    __________

   Жаланшы

    __________

   Жапағлы

    __________

   Жарташық

    __________

Орхон жазбалары мен оғыз эпосының антропонимдік тұлғадағы атауларында хан, бек, қаған титулдары сол дәурдегі өмір сүрген адамдардың әлеуметтік дәрежесін көрсетеді [123, 185 б.]. 

Академик Р.Ғ.Сыздықтың көрсетуінше, Жалаиридің «Жами ат-тауарих» әскери-әкімшілік, саяси-әлеуметтік титулдардағы хан, султан, мырза, бек, би, баһадур, нойан, гүрген, тайшы т.б. сөздер кісі есімдерінің құрамына кіреді. Ескеркіштегі кісі есімдеріндегі компоненттері монғол, араб, парсы, қытай тілінен енген [124, 73 б.].

Мысалы, хан «мемлекет басқарушы» деген титул. Хан сөзі түрік, монғол тілінде қаған, арабша хакан. В.В.Бартольд  айтуынша монғол дәуірінде қаған (каан) мен хан сөздер болған. Кейін монгол тілінде қаған сөзі жойылып хан сөзі қалды. Хан сөзінен құралған кісі аттары: Чингиз хан, Борис хан, Толуй хан, Темүр хан, Абақа хан, Қайду хан, Кабул хан, Чагатай хан, Тумина хан, Орыс хан, Үгетай хан, Буданжар хан, Кутула хан, Жочи хан, Тайан хан, Буйрук хан, Арслан хан, Меңгу хан, Ғаран хан, Меңке хан, Гүйүк хан, Кубылай хан, Абақа хан, Арғун хан, Сайын хан, Қасым хан, Жаныбек хан, Үсек хан, Йәдік хан, Қадырберді хан, Күчүм хан, Булғайыр хан, Айбақ хан, Саған хан, Ағатай хан, Есенкүл хан, Бужук хан, Йадгар хан, Мухаммед хан, Бурһан хан, Жомарт хан, Ахмед хан, Махмуд хан, Шейбақ хан.

Бек - ханнан кейінгі титул. Бек сөзінің синонимі араб тілінде эмир, ал монғол тілінде нойон. Ш.Валихановтың пікірінше, бий  көне түрік сөзі бек, бей, бий нұсқаларының алғашқы мағынасы - «сот» [16, 25 б.]. Кейінен би сөзі «шешен» деген ұғымды білдірген. Ескеркіштіегі кісі есімдер бек компонентімен көрсетілген.Мысалы, Асан бек, Муса бек, Исмаил бек, Йусуф бек, Едіге бек, Мансур бек, Хасан бек, Шейдақ бек, Ағыш бек, Шак бек,  Хоразми бек, Карач бек, Айтаулы бек, Тебере бек, Атбаға бек, Сабыр бек, Кадыр али бек т.б.

Келесі титул - нойан сөзінің сининимі араб тіліндегі эмир сөзі. Монгол империясында жоғарғы аристократиясына князьдар мен нойандар жатады. Чингиз ханның Толый деген кіші ұлының титулы «ұлы нойан» болған.

Нойан сөзі көбісі чингизтердің есімдеріне тіркелген: Кутукуш нойан, Майа нойан, Болгин нойан, Баурчы нойан, Баракул нойан, Кутукуш нойан, Жадай нойан, Дурбай нойан, Бургунчы нойан, Күжүгүр нойан, Мүгә нойан, Қасар нойан, Һуку нойан, Кеңкийатай нойан, Дай нойан, Алчы нойан, Хуку нойан, Майа нойан, Кәһтай нойан, Тегудар нойан, Ағул нойан, Илге нойан, Сүтү нойан, Судук нойан, Ихбал нойан, Бала нойан, Қасар нойан т.б.   Қазіргі қазақ тілінде Нойан деген кісі есімі бар, ал нойан сөзімен тіркескен есімдер жоқ.

Султан бұл қазақ хандарының азамат болған. Кейбір деректерде султан сөзі ханзада деген ұгымды берген. Ескеркіштегі султан сөзбен бірге жазылған кісі есімдер: Ешім султан, Ондан султан, Шаһим султан, Руст султан, Йүнус султан, Махмуд султан, Еш султан, Жан Керей султан, Даулет султан, Жаныбек султан, Булат султан, Бөкей султан, Әдік султан, Али султан, Ахмет султа, Жанай султан, Бахтияр султан, Жафарберді султан, Ешім султан, Мухаммед султан, Жаналддин султан, Сейдкул султан, Келімберді султан, Сулум султан, Ибраһим султан, Ораз султан, Шаким султан т.б. 

Мырза - деген сөз М.А.Усмановтың айтуынша, «князь» деген мағына береді. Мырза сөзі қазақ, татар, қырым ақсүйектерінің есімдерінде беріледі. Мысалы, Канбар мырза, Шейх Мамай мырза, Алчағыр мырза, Нурадин мырза, Шыгын мырза, Сейд али мырза т.б.

Баһадур сөзі - «батыр», «қаһарман» деген мағынаны береді. Бұл сөз -  монғол әскерлердің титулы. Чингиз-ханның туытарының және ұрпақтарының титулының бірі. Қазақ тілінде бұл сөзбен тіркесіп жасалған кісі есімі жоқ, монғол кісі есімдеріне тіркеседі. Мысалы, Таубал баһадур, Йетим баһадур, Бу баһадур, Су бутай баһадур, Йолақ баһадур, Көку баһадур, Мунаду баһадур, Йесуге баһадур т.б.

Беки-бики ірі тайпа басшыларының титулы. Б.Я.Владимирцов беки, бики сөзінің түрікше этимологиясы «крепкий, прочный, твердый, сильный», «қайратты, мықты, күшті». Мысалы, Тукба беки т.б. 

Падшаһ сөзі парсы тілінде «елбасшы» деген мағынаны білдіреді. Падшаһ сөзінің эквиваленті хан, орыс тілінде царь. Мысалы, орыс падишаһы Борис т.б.  

Тайшы қытай тілінен енген термин. В.В.Бартольд былай деп береді, бахши (саикр, бхикшу) алғашқы мағынасы будда отшельнигі, монғол мемлекеттінде «писец», «чиновник» деп аталады. «Ұлы бахши» титулы қытай терминологиясында тайшы. Чингиз хан дәуірінде тайшы титулы Қытайда монғол әкімшіліктерінде болған. Мысалы, Кидан тайшы, Иэкун тайшы т.б. [109, 35 б.].  Қытай тілінде тайшы сөзі «ұлы ұстаз» деген мағына береді.

Қорыта келгенде хан, султан мырза, бек, баһадур, нойан, падишаһ, герген т.б. сөздер кісі есімдерінің негізгі компоненті болған, қазір де қолданылады. Ескерткіштегі тарихи тұлғалар есімдері тілімізде қазіргі кісі аттарында кездеседі. Мысалы, Булат, Жанибек, Асан, Муса, Хасан, Сабыр, Нойан, Мырза, Чингиз, Егіде, Даулет, Мухаммед, Жанай, Али, Ибраһим, Ораз т.б. Ескерткіштегі хан, султан, мырза, нойан, бек сөздер тарихи қайраткерлердің титулын көрсетсе, ал қазір бұл сөздер кісі аттарының туынды компоненті. Мысалы, Чингизхан, Бексұлтан, Әділбек, Алихан т.б.

Орыс халқының әйгілі тарихи тұлғаларының есімі түркі және басқа тілінен кіргені белгілі. Мысалы орыс халқының ұлы ақыныдары А.С.Пушкинің шыққан тегі араб, ал М.Ю.Лермонтовтың атасы шотландиялық Георге Лермонт екені белгілі. Мұндай антропонимдер орыс әдебиетінде, мәдениетінде, ғылымы мен әскери өнерінің тарихынан көп кездеседі.

Жалпы әр кезеңдегі орыс мемлекетінің, тарихының қалыптасуына, өркендеуіне қазақ жайлап отырған осынау ұлы даланың, дала мәдениетінің, Алтын Орда сияқты, ол ыдырағаннан кейін салтанат құрған Қазан, Астрахан (Хажы Тархан), Қырым, Сібір хандықтарының маңызы, ықпалы болғаны белгілі [125, 428 б.]. 

Түркітанушы ғалым Н.А.Баскаковтың «Русские фамилии тюрского происхождения» атты кітабы көптеген тұра, орыс және өзеге де славян халықтарының тіліндегі есімдер тюркизмдер берілген. Нақты айтқанда, кітапта негізінен «Временник Императороского Московского общества и древностей российских» деп аталатын жылы шыққан орыстың атақты ақсүйектері мен князьдарының шығу тегі туралы шежіредегі орыс антропонимдері (фамилиялары) талқыланады. Мысалы Тоузак Неклюдовтың атасының есімі түркі тілінде тозаң немесе шағатайша тұзақ сөзінен алынған дейді (Будагов, І.  бет) Ал, Щербачевтар тұқымы Алтын Ордадан Ресейге көшіп келген Федор Салтановичтің ұрпақтары екен. Салтан арабтың «султан», қазақтың «сұлтан» сөзі, Тимашев тюркизмдегі «тума, тумасы» деген ұғымдарының этнонимі. 

Жұмыста солардың біразы этномәдени сабақтастықтың көрініс ретінде қарастырылды. Атап айтқанда:

 

Салтыков

 

Граф Салтыковтар әулеті «ресейлік ақсүйек» байырғы Салтыковтардын тараған. Бұл әулетттің түп-тегі Михаил Салтыковтың ұлы Андрей Салтык 1508 жылы ұлы князь Василий Иванавичтке қару сақтаушы болып қызметке келген. Михаил Салтыковтың кейінгі өзге де тұқымдары Ресей тағына әртүрлі шенді қызметтер атқарған. Осы әулеттен шыққан Параскевиа Федоровна Салтыкова Иоанн Александрович патшаның әйелі болған. (ОГДР,II, 15 б)

Салтыков әулетінің шыққан тегі жайлы кейбір мәліметтер  олармен аттас дворяндардың шежірелерінде де келтірген. Бұл шежіреде  «Салтыковтар фамилясы ежелгі дегдарлы ата-бабалардан таралған деп басталды да, осы әулеттің ұрпақтары Данилдың ұлы Иван 7076/1568 жылы поместьелерге лақап есімді Tимофей 7184/1676 жылы дворян болып жазылған дейді ( ОГДР,VII,28 б).

Салтыковтар фамилиясы орыстың салтык деген лақап атынан шыққан. Оның, яғни «Салтыковтың» түпкі мәні түркінің saltag-soltag-syltyg сөзінде жатқан сияқты, - дейді Н.А.Баскаков. Бұл қыпшақ тобына жататын  қазақ, қырғыз тілінде аздап ақсаңдайтын адамды «солтық», «сылтық», «сылтып басы» дегенге келенкірейді.

Сол сияқты «салтық» сөзі жеке біреудің есімі болып  та кездеседі. Мысалы, Эрзерум князі Салтук немесе Сары-Салтық ХVІІ ғ. Рум елінің бактыры.

Дегенмен «Салтық» деген сөзі salt, яғни салт деген сөздің туындысы. Бұл кез-келген түркі халқының тілінде жиі ұшырасады. Әсіресе, қыпшақ тобында бұл сөз үрдіс, тәртіп, салт, дәстүр мағынасына ие. Бұл сөзге орыстың түркілерден ауысқан «салтық» сөзі де мағыналас (Ушаков,ІV, 27б)  Мысалы орыстарда «на свой салтык» (Даль,IV,131 б), яғни «на свой лад»  деген нақыл сөз бар. Өл біздінше «өз ыңғайына», «өз дәстүріне», «өз салтына бейімеп» дегенді білдіреті және орыстың осы «салтык» сөзі қазақтың  saltyg «салттықты сақтау, «адамгершілікті сақтау» дегенді сөзге сәйкес келеді, - дейді ғалым. Қазақта «салт» сөзінің «үрдіс», «дәстүр», «адамшылық» дегеннен өзге де  (saln-sana идеология) «салт басты», «салт жолаушы», яғни артулы жүгі жоқ, жеңіл жолаушы дегенді білдіреетін де мағынасы бар (Тіпті, баласыз, қара басы жүрген әйелді «салтаң»,  «сыбай-салтаң, «салтаң әйел» деп те айта береді.

Сонымен, Салтыков деген фамилия өзіміздің «салт», «салтық», «салттық», «солтық» «сылтық» атауларынан шыққаны белгілі болады. Тіпті И.С.Тургеневте «порядок незнает и все на свой салтык норвит, не так, как отцы» деген сөйлемде де кездеседі (Ушаков,ІV,27б) Ал жоғарыда айтылып кеткен Курган деген лақап есім екібастан түркілердің, яғни өзіміздің қорған, бекініс, қоршау т.б. екені белгілі.

 

Суворов

 

Суворов - Римникскийлердің шежіресінде Суворов деген фамилияның ежелгі швед әулеттілерінің атауынан шыққан. Граф Александр Васильевич Суворов Римниксидің ата-бабалары Суворов деп аталған. Олар Михаил Федорович патшалық құрып тұрған шақта жылы Ресейге келіп бодан болған. (ОГДР, ІІ, 7-бет)

Сонымен, Суворовтар фамилиясы, яғни әулеті басқалармен салыстырғанда орыстарда кейінірек шыққан, ол ХVІІ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Суворов есімі шведтің syar немістің sehwer, яғни ауыр, салмақты, күшті, қуатты, қатал, қатаң, мазасыз, ашуланшақ сөздерінен шыққаны мүмкін. Бұл талдауда Н.Баскаков oрыстың суровый деген сөзі түркінің сұр, сұрғылт, тұнжыр сөзінен шыққан, «сувор1, «суровый» дегеніміз де сол «суровый»-дың» (сұрдың) өзі. Сонымен орыстың «суровый»дегені де «серый»сөзі де түркілердің сұр, сұп-сұрынан шыққан екен.

Ушаков

 

Орыстың ең атақты адамдарының ішінде Ушаков деген фамимилия жиі кедесетін енді. Ушаковтардың шежіресі, әсіресе, ататегі Косогский князі Редегиден, яғни толып жатқан орыс фамилияларының аты аңызға айналған Редегиден басталатыны көрініп тұр (ОГД, VІІІ,9-бет) дейді Н.А.Баскаков.

«Князь Каусуйский Орды» Редега ұлы князь Владимир Мстиславовичпен шайқаста қаза тапқан, ал оның екі ұлына шоқынғаннан кейін Юрий князь оған, яғни Роман Редегичке қызын берген. Оның шөпшегі Григорий Слепойдың Ушак деген ұлы болған. Оның ұрпағы Немир Юрий Ушаков 1557 жылы Булзукте воевода болыпты. Ушаковтар фамилиясында түркілердің бірнеше мағыналы сөзі бар. Олар usag~usag, яғни, майда, ұсақ. Екіншіден - кішкене, аласа. Үшіншіден, ұсақ-түйекшіл адам. Төртіншіден - жас, сәби, бала-шаға (Радлов, І.773).

 

Вельяминов

 

«Басқасын білмеймін,ең кенже бала өзімдікі» дегендей, бұрын Вельяминов дегенді дәл орыстың фамилиясы болмаса да, Еуропаның қақ ортасындағы бір ұлттың тіліне қатысы бар шығар дейтінбіз. Тіпті, «л» – дан кейін тұрған «жұмсақ белгінің» өзі (ь) бұл сөздің төркінің бізден аулаққа алып қашып тұр–ау?! Ал шежіре  ше? Онда «6535/ 1027 жылы ұлы князь Ярослав Владимировичке, яғни Киевке Варяг өлкесінен Шимон Африкановичпен  (кейін Симон аталып кеткен) бірге оның үш мың адамы келген. Сол Симонның Федор Васильевич, Воронец және Юрий Васильевич Грунка деген екі шөбересі болған» (ОГДР, ІІ, 22-б.) деп жазылыпты.

Міне, сол Федор Воронецтен атақты князь Воронцовтың әулеті тараса, Юрийдің Вельямин Андреевич деген немересі болған. Оның ұрпақтары Вильяминовтар Ресей тағына қызмет еткен.

Алайда, енді бір болжамдарға қарағанда (ОГДР, ІV, 26-б., V, 16-б.) Вельяминов фамилиясы Алтын Ордадан шыққан князь Четтің есімімен юайланысты. Ол Вельяминовтардың да, Сабуровтар мен Годуновтардың да арғы атасы болған екен. ВоронцевВильяминовтардың шежіресінде (ОГДР, V, 16-б.) князь Африканың (яғни, Якуп Соқырдың бауырының) ұлы Симон Африкановичтің есімі ұшырасады. Сөйтіп, Вельяминовтардың Варяг өлкесінен гөрі  Алтын Ордаға қатысы барлығы сенімдірек болып шығады. Вельяминов деген фамилияның түп – төркіні арабша ВалиИамин, яғни УәлиӘмин сөзінен шыққан. Вали немесе Уәли арабша тума, туысқан деген және қамқоршы, басшы жарылқаушы деген мағына береді. Ал, АминӘмин дегеніміз біріншіден «ант», «серт» дегенді берсе, екіншіден «оң жақтағы», «оң» дегенді анғартады.

Бұл есімнің тағы бір болжамы бар. Ол көне еврей есіміндегі ВеньяминБеньямин дегеннен шыққан болуы да мүмкін. Бұл жағдайда «ben» – ұл дегенді jamin оң қол, яғни оң қолдың ұлы дегенді білдіреді. Бірақ Вельяминов фамилиясы еврейдің ben jamin дегеннен гөрі арабтың wali jamin сөзінен пайда болған деген пікірдің басымдығы молдау. Мысалы, шежіредегі Яқуп Соқыр еврейдің «Яков» – ынан емес, арабтың «Яқуб» – ының соңғы әрпі «п» болып өзгерген түріне көбірек келеді.

 

Нарышкин

 

Бұл әулет те орыс шежіресінің жазуына қарағанда «ұлы князь» Иван Васильевичте Қырымнан келген Нарышкодан шығыпты. Нарышкиндер Ресейге наместник, воевода және өзге де қызмет етіп, сый-сияпат алып өмір өткізген екен. Ал осы дворянин, боярин болған Кирил Палеутович Нарышкиннің қызы Наталья Кирилловна Александр Михайлович патшаға тұрмысқа шығып, одан орыстар ұлы патша деп атайтын І Петр дүниеге келген екен. «Ұлы Петр дүниге келгеннен кейін Нарышкиндер әулиеті мәңгілік данққа бөлінеді» деп жазылған шежіреде. (ОГДР. 11.60-бет )

Сонымен Нарышкиндер әулиетнің ата тегі кейбір дереккөздер айтқандай, Сонау Германиядағы Богемиядан емес Қрымнан келген Нарыш-Нарышкадан тарайды екен. Нарышка есімінің немесе лақап есімінің негізінде парсы тілінен ауысқан, қазақ, қарақылпақ, түркімен т.б. тілдері сияқты түркі тілдерінде жиі ұшрастын парсының нар ... сөзі жатқан екен. Н.А.Баскаков бұл жерде бұған қазақтың «жүк ауырын нар көтерер» деген нақылын мысалға келтірді. Екіншіден, «нар», сөзі ержүрек, батыл және нар жігіт, деген мағына береді.

 Әдетте қазақ, қарақалпақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының бұл есіміне сүйіспеншілік, еркелету сезімдерін аңғартатыны -аш, -еш қосымшалары жалғанады. Сөйтіп, негізгі «нар» түбірінен Нарыш сөзі сәл өзгеріске ұшырап пайда болды. Мысалы, жұма+аш - Жұмаш, ерке+еш - Еркеш, нұр+аш - Нұрыш деген есімдер осындай туынды сөздерге жатады. «Әсіресе, Нұрыш деген есім қазіргі түркі халықтарында өзбек,  қазақ, қарақалпақ т.б. жиі ұшырасады да ол орысша Нұрышка, Нарышка болып та айтыла береді», - дейді ғалым.

Сонымен ұлы І Петер патшанаң нағашылары Қырмнан шыққан Нарыш болып шықты.

Черкасский

 

Шежіренің көрсетуінше, «Черкасскидің князьдерінің ұрпағы» Черкас аймағынан шығып, кейін Мысырда сұлтан болған Индалдан тарайды екен. Иоанн Васильевич Астрахань патша жаулап алғанан кейін Черкасс княздьдері Ресей державасына бағыныпты. Ал жаңағы Иналдың шөбересі Темрюк Идаров деген князь Ресейге берілгендігінің айғағы ретінде патшаға өз ұлы салтман мен ханшайымы Марияны аманатқа тапсырған. Мария сол Иоанн Васильевичтің зайыбы болған» дейді шежіреде (ОГДР,ІІ, 9-б) Египет(Мысыр) сұлтаны болыпты деген сөздігінде Инал деген есім Махмуд Қашқаридің сөздігінде «ақсүйек әйелдің ұлы» деп түсіндіріледі.

Ал, Темрюк түркілердің «темір оқ», «темір жебе» сөзінен шыққан. Сол сияқты Идарыңыз қазақшаға парсы тілінен ауысқан Айдар сөзінен шығыпты, Айдардың екінші мағынасы ұл баланың төбесіне қойылған бір шоқ шаш екені белгілі.

Черкасскийлардың гербінен (таңбасынан) шығыстық белгілерді де айқын аңғартуға болады. Олардың таңбасындағы оң жақтағы қызыл бояулы тұста үстіне алтын ішік, қауырсын қадаған қалпақ киген, алтын әбзелді ақбоз атпен шауып бара жатқан черкес бейнеленген. Таңбаның екінші бөлігінде (көгілдір) алтыбұрышты үш жұлдызшаның арасына қос күміс жебе айқастырылған. Сол сияқты алдыңғы аяғымен жебелі садақ ұстап тұрған арыстан өзінің табиғи түсімен бейнеленген.

 

Шаховский

 

Шежіреде Шаховской князьдарының әулеті Ярославль князьдерінен тарайтыны көрсетілген. «Ұлы князь Владимир Всеволодович Мономахтың

Черный деген лақап есімді Федор Ростиславович атты шөбересі болады. Сол қасиетті князь Федорордың немересі Василий Давыдович  Ярославльді  басқарып тұрған.» Оның  ұлы Глеб Васильевичтің үшінші ұлының есімі Констатин Шаховскийдың ұрпақтары Шаховскойлар Ресей тағына әртүрлі жоғары шенді қызметтер көрсетіп, иелікке жер алып отырған».

Шаховской фамилиясының түбір түркілер арқылы ирандықтардың (парсылардың) шах, яғни патша, монарх, билеуші сөзінен алынған (Будагов І, 663-б

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар қазақ тіліндегі  антропонимиялық кеңістіктің жалпы сипаты мен ұлттық-мазмұндық  құрылымын, номинациялық қағидалары мен атау жасаудағы уәж табиғатының дәстүрлі модельдерін, мәдени таңба ретіндегі коннотациялық сипатын тануға мүмкіндік берді. 

Лингвомәдени аспектіде «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағидаға сәйкес жүргізілген зерттеу жұмысы ұлттық антропонимдер жүйесін тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма шеңберінде анықтауға негіз болды.

Осымен байланысты мәдени-әлеуметтік таңба ретіндегі қазақ антропонимдерінің мазмұндық негізі мифтік, фольклорлық, паремиологиялық, фразеологиялық, тарихи, көркем мәтіндік жүйеде дәйектелді.  

Ұлттық ономастикондық жүйенің оның ішінде антропонимдер  де өзіндік ерекшелігі оның белгілі бір ұлттық тілге емес, ол қандай мәдени ортадада қалыптасқанына байланысты екенін қазақ антропонимдерінің лингвомәдени, этномәдени, әлеуметтанымдық сабақтастықта зерттелуі көрсетіліп отыр.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижелерін былай көрсетуге болады:

- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды;

- кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне кірігіп, белгілі бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің қолданысы түсіндірілді;

- қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі көнетүркілік, ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы деректермен салыстыру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде кейбір этимологиялық талдаулар жасалынды;

- зерттеу нысанына сәйкес паремиологиялық, прецеденттік, фразеологиялық және көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама берілді.

- қазақ ұлттық антропонимдерінің басым көпшілігі жеке адам атынан бастап, рухани танымдық мазмұнды прецеденттік есімдер мен этнонимдерге дейін этнографиялық сипатта. Соның нәтижесінде қалыптасқан жалқы есімдерді этноантропонимдер деп анықтап, антропонимияның бір саласы деп қарауға болатынын зерттеу барысында жинақталған бай тілдік дәйектер көрсетіп отыр.

- қазақ мәдениетінде сәбилерге әр заманға сәйкес көрнекті тұлғалардың атын қою дағдыны (Абай, Шоқан, Абылай, Марлен, Талғат, Бауыржын т.б.) біріншіден, антропонимия даму үстіндегі ашық коммуникативтік тілдік бірлік екенін көрсетсе, екіншіден, антропонимдердің әлеуметтенуімен байланысты екенін көрсетеді.

- этноантропонимика құрамының өзекті бір бөлігін көне салт-дәстүр мен түрлі мифтік танымға негізделген (мысалы Тоқтасын, Ұлбосын, Тәңірберген т.б.) атаулар құрайды.

- зерттеу барысында ерекше назар аударған фольклордағы, мифтік аңыздар, көркем мәтіндегі адам аттары мен мифотопонимдер мен этнотопонимдермен сабақтас қалыптасқан атаулар.

- зерттеу нысанына сәйкес  этноантропонимдер, антропонимдердің  этномәдени мазмұнын ашудың бір көзі, тарихи-этникалық негіз екені анықталып, көне түркі ескеркіштері мен орыс жылнамаларындағы көне қыпшақ есімдері оның қазіргі қазақ тіліндегі жалғастығы көбінесе этнонимдік сабақтастықта қарастырылды.

Қорыта айтқанда, лингвомәдени жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс. Осы жүйеге кіретін этноантропонимдердің этномәдени және тарихи болмысында түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен жағырафиялық қозғалысы көрініс табады.

Антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін ұлттық символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі ретінде қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сүрсананың терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді. Антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық, лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық дереккөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1       Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы, Ана тілі, 1999. – 141 б.

2       Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Доктор. дисс.

авторефераты. –Алматы, 1995. – 8 б.

3       Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері.

– Алматы, Мектеп, 1985. –66 б.

4       Саадиев Ш.М. Основные правила выбора имен для новорожденных (по

азербайджанской антропонимии) //Личные имена в прошлом, настоящем, будущем. Проблемы антропонимики. Москва: Наука, 1970. – С. 185-187.

5       Жанузаков Т.Дж. Лично-собсвенные имена в казахском языке.

Автореферат дисс. кан. филол. наук. –Алма-Ата, 1960. – С. 56, 45.

6       Самойлович А.Н. Заветные слова в языке казак-киргизкой замужней

женщины //Жиавя старина. –Петроград, 1915. – С. 151.

7       Самойлович А.Н. К вопросу о наречии имен у турецких племен //

Жиавя старина. От этнографии, СПБ,  1911 вып 2 – С. 29.

8       Никонов В.А. Имя и общество. –Москва: Наука, 1974 –С. 56.

9       Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологи. Москва:

Наука, 1999. – С. 98

10    Мусаев К.М. Лексикология тюрских языков. – Москва: Наука. 1984. –

С. 205.

11    Идрисов А. Кыргыз тилиндеги ысымдар. – Фрунзе, 1971. –17-37 б.

12    Джанузаков Т.Дж. Основные проблемы ономастики казахского языка:

Автореф. дисс. доктора филол. наук. – Алма-Ата, 1976. –С. 15-24.

13    Саттаров Г. Ф. Некоторые вопросы татарской антропонимии.//

Вопросы истории философии и педогогики. – Казань, 1965, –вып. 1.

14    Гордлевский В.А. К личной ономастики у османцев. – изб. соч.

Москва, 1968. Т 4, С. 131-136.

15    Гарипов Г.М. О древних кыпчакских именах в антропонимии башкир //

Ономастика Поволжья. – Уфа, 1973, –вып 3.

16    Валиханов Ч. Избранные произведения. – Алма-Ата, Т. 1, 1958. – С.17

17    Манкеева Ж.  Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, Ғылым,

 1997. –282б.

18    Фон Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – Москва: 1985. С.349

19    Воробьев В. Лингвокультурология. Теория и методы. – Москва:РУДН,

1997. – С. 37.

20    Маслова В. Введение в лингвокультурологию. – Москва: Наследие,

1997. С. 8.

21    Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени

аспектілері. – Алматы, Ғылым, 1998. –196 б.

22    Cалқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы, Қазақ университеті, 1999.

– 309 б.

23    Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени

мәселелері. – Алматы, Арыс, 1998. –215б.

24    Сейсенова А. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына

салстырмалы талдау. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. – Алматы, 1998. –22 б. 

25    Снасапова Г. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени

бірліктер. Филол. ғылым. канд. дисс. – Алматы, 2003. –22 б.

26    Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен

міндеттері. // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1988. –34б.

27    Фон Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию (перевод с немец.

языка). – Москва: 1984. –С. 10.

28    Азадовский М. История русской фольклористики 2-х томах – Москва:

Учпедгиз, 1963. Т 2 . –С.60.

29    Г.Б.Мадиева Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ

университеті, 2003,  – С. 28-29.

30    Энгельс Ф. Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы.

– Алматы, 1967. 47-49 б.

31    Мұхаммедова З.Б. Исследование по истории туркменского языка XI-

XIV вв. – Ашхабад, 1973. – С. 45

32    Бегметов Э. Антропонимика узбекского языка. – Ташкент, 1965 –С. 18.

33    Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977 82 б.

34    Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы, 2002, 368 б.

35    Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. Алматы, – 1966.

36    Панзарбекова Р.Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы. Филол.

ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 1998. –18 б.

37    Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на

материалах произведений М.Әуезова). – Алма-Ата: Наука, 1989. – 175 б.

38    Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.

–140б.

39    Жубанов К. Исследования по казахскому языку. - Алма-Ата, 1966. 98 б

40    Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. –Алматы: Ғылым, 1996.

–126 б.

41    Олшанский И.Г., Кириллина А.В. Гендер: лингвистические аспекты.//

Филологические науки. 2000, №3.  – С. 133

42    Абдрахманова Т.М. Қазақ, орыс, неміс тілдеріндегі лақап есімдерінің

ерекшелігі // Тілтаным, 2004, № 4, –129 б.

43    Митрошкина А.Э. Бурятская антропонимия. Новосибирск. 1987, –С. 3.

44    Махпиров В.У. Имена далеких предков. Алматы, 1997, – С. 302.

45     Т.Жанұзақ, Қ.Рысберген. Қазақ ономастикасы. Жетістіктері мен

болашағы. –Алматы, 2004. –43–44бб.

46    Толковый словарь русского языка //под ред. Д.И.Ушакова. Москва.,

ОГИЗ, 1935. т.1, С. 83, 164.

47    Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.

–140б.

48    Кенжебаев Б. Бүркеншік аттар сыры. – Алматы, 1965. – 75 б.

49    Мурзаев Э.М. Тюрские географические названия. –Москва, 1996.С. 153

50    Рысбергенова К. Историко-лингвистический анализ топонимов.

Южного Казахстана. – Алматы:Гылым, 2000. – С. 58

51    Лотте Д.С. Изменение значений слов как средство образования научно

техничских терминов. //Известия АН ССР. Отдел технических наук. Москва, 1941. т.6 – С. 27

52    Шубов Л.И. Практическая транскрипция и эпонимические термины.

//Топонимика и транскрипция. – Москва, 1964. – С. 16

53    Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи–

лингвистикалық, этимологиялық және этномәдени негіздері. Док. дисс.  Алматы, 2006. 63 б.

54    Маслова В.А. Лингвокультурология. Учебное пособие. Москва:

Искусство, 2001, С. 76.

55    Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). Москва,

РУДН, 1997. – С. 251

56    Снасапова Г. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени

бірліктер. Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2003. –8-18 бб.

57    Е.А. Керімбаев Казахская ономастика в этнокультурном номинативном

и функциональном аспектах. – Алматы:Санат, 1995. – С. 28.

58    Махмұтова А. Эпиграфиялық мұраларды зерттеу тарихынан. Алматы,

1971. –34 б.

59    Суперанская А.В. Имя собственное – в языке или обществе. – Москва:

Наука., 1988. – С. 26-32.

60    Колшанский Г.В. Некоторые вопросы семантики языка в

гносеологическом аспекте. //Принципы и методы семантических исследований. – Москва:Наука, 1976. – С.81.

61    Юркенас Ю.К. Онимизация апеллятивов и развитие индоевропейских

антронимических систем. Автореф. дисс... д-ра филол. Наук. Москва, 1979. – С. 48

62    Жанузаков Т. Очерки казахской ономастики. –Алматы: Наука, 1987.

63    Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік

аспектілері. – Алматы:Арыс, 2006. – 81 б.

64    Досжанов Б.Ә. Қазақ тіліндегі көне түлғалы антропонимдер: филол.

ғыл. канд. дис. автореф. – Астана., 2001. – 24б.

65    Жанұзақов Т.Ж. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. –Алматы, 1965.

66    Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991. –176 б.

67    Бөкейханов Ә. Қара қыпшақ Қобланды .// Қазақ 1915. –126-129 б.

68    Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1991. –240 б.

69    Қоңыратбай Т. Эпос пен этнос. Алматы:Ғылым, 2000. 43,45б,596 106

70    Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар.  –Алматы: Жазушы 1985, –368 б

71    М.Қашқари Түрік сөздігі 2-т –Алматы: Ханат 1997. –75 б

72    Қоңыратбаев Ә. Қазақтың лиро-эпосы Қазақ әдебиетінің тарихы.

Фольклор  1-т. Алматы: Қазақ ССР ҒА , 1948. –45 б

73    Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнегі. –Алматы: Ғылым, 1978, –175 б

74    Қоңыратбаев Ә. Құба сөзі-тарих көзі. –Ана тілі. 1992, 23сәуір (№16)

75    Ыбраев Ш. Қорқыт және шаманизм //Қорқыт Ата. Энциклопедиялық

жинақ. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –595 б

76    Иманбердиева С. Прецедентті атаулардың менсонимдерде қолданылуы

//Тілтаным, 2002. №2, – 90-94 б.

77    Әуезов М. Тарихи өлеңдер //Абылай хан. – Алматы, 1993. – 150 б.

78    Нұрмұханов А.Түркі фразеологиясы. –Алматы, Ғылым, 1998. –149- 151

79    Батырлар жыры. –Алматы: Жазушы, 1986. 1-т. –264 б

80    Қортабаева Г.Қ. Соматикаға қатысты сатиралық юморлық

поэтноимдердің тілдік табиғаты. Академик Ә.Т Қайдар және тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Дайк Пресс 2004. –36 б.

81    Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. І бөлім.

Алматы,1968. – 79 б.

82    Курышжанов А. Исследование по лексике «Тюрско-арабско

словаря» Алма-Ата: Наука, 1970. С. 76-223

83    Ағабекова Ж. Қазақ тілінде қалыптасқан араб текті кісі аттарының

этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 2005. –10-25 бб

84    Абду Салам Мухаммад Бадауи. Асмаул Хусна. Каир, 1998. 51 б.

85    Халифа Алтай. «Құран-Кәрім» қазақша баламасы. 59-сүре, 22-24

аяттар.

86    Мустафина Р.М. Представленя культуры, обряды у казахов. Алма-Ата:

Қазақ университеті, 1992. 176

87    Сманов Ұлыбек. Әуелі құдай, әруақ. Шымкент, 1997. 187 б.

88    Кармышева Ж. Земледельческая обрядность у казахов //Древние

обряды, верования и культы народов Средней Азии. –Москва:Наука, 1986. –С.47

89    Керімбаев А. Қазақ тіліндегі сакральді атаулардың

этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2007. –34

90    Ыбраев Ш. Қорқыт және шаманизм //Қорқыт Ата. Энциклопедиялық

жинақ. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –595 б

91    Ғабитхан Қ. Наным-сенімге байланысты қазақ тілінде тұрақты

тіркестер. Алматы, 1995

92    Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1998. – 276 б.

93    Сулеменов О. Тюрки до истории (о происхождении

древнетюрских языков и писменностей) Алматы: Атамұра, 2002. –С. 24-31.

94    Тлепин Б. Мал шаруашылығына қатысты лексиканың

этнолингвистикалық табиғаты (қой-ешкі атаулары негізінде) Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 1997. –91-94бб.

95    Қобланды батыр. Қазақ халқының батырлық эпосы. –Алматы: Рауан.,

1958. –205

96    Бес ғасыр жырлайды. №1 т. Алматы:Жазушы, 1984. –254

97    Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. Алматы. 1997. С.45

98    М.Қашқари Түрік сөздігі 2-т –Алматы: Ханат 1997. –75 б

99    Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы:Ана тілі, 1998. –196

100Тюркская ономастика. Алма-Ата:Наука, 1984. Баскаков Н.А.

«Имена половцев и названия половецких племен в русских летописях» –С. 75

101Плетнева С.А. Половцы. Москва:Наука, 1990 – С. 60

102Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежересі хақында.

– Алматы:Атамұра, 2000. – 372 б.

103Баскаков Н.А. Тюркизмы-энонимы в «Слове о полку Игореве».

Сов.тюркология. 1982 №5

104А.Әбдірахманов Қазақстан этнотопонимикасы. –Алматы: Ғылым,

1979. 67-93 б.

105Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – Москва:Наука 1967. – С.123

106     Панзарбеков Ө., Алтаев Б. Түрк және көк түрк. – Алматы:

Қазақпарат, 2000. 108 б.

107Конов А.Н. Родословная туркмен. – Москва, 1958. – С.84

108Қашқари М. Диван лугат түрк. Т.1 – Ташкент, 1960. – С. 456.

109     Бартольд В. Киргизы. 1934. – С.36

110     Востров В. Муканов М. Родо-племенной состав и расселение казахов.

Алма-Ата, 1968

111Рашид-ад-дин. Сборник летописей, т-1, кн.1 С.126

112     Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в

Средней Азии в древние времена. Алматы, 1998. т-1. С. 30.

113Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана.

Алматы:Ғылым, 1995.

114Северотян Э.В. Этимологический словарь тюрских языков.

Москва: Наука, 1974. – С.364

115Антропонимика. Сборник статей. – Москва., 1970. – С. 178

116Кляшторный С.Г. Древнетюрские рунические памятники.

Москва, 1964. –С. 105.

117Добродомов И.Г. О Половецких этнонимах в древнерусской

литературе. – В кн. тюркологический  сборник. Москва, 1975.

118Қашқари М. Диван лугат түрк. Т.1 – Ташкент, 1960. – С. 456.

119Древнетюрский словарь. Лененград:Наука, 1969. С. 469

120Гуейнзаде Ч.М Об этимологии некоторых древнетюрских

антропонимов, зафиксированных в арабских писменных памятниках среднивековья. – Алма-Ата:Ғылым, 1990 – 291 б.

121Конкашпаев Г.К. Географические название монгольского

просхождения на территории Казахстана. //Изв.АН Каз ССр. Серия филология и искусствоведение. – Вып. №1. Алматы, 1959. – 304.

122Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ит түрк»). Алматы: Ана

тілі, 1993. 25-29б.

123Қазақ Совет Энциклопедиясы. –Алматы, 1975. Т VI

124Сыздыкова Р. Язык Жами-ат Тауарих Жалари. – Алма-Ата, 1989.

73 б.

125Қазақстан тарихы том–1. Алматы:Атамұра, 1996.  – 425–427 б. 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..