Ел бірлігі жөнінде Есенберлин де көп айтқан екен, аудармашылар да есесін

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

 

17-тұжырым

Ел бірлігі деген сөзді ауызға алғысы келмейді

 

     Ел бірлігі жөнінде Есенберлин де көп айтқан екен, аудармашылар да есесін жібермеген екен. 6-тұжырым дәлелдемесінде үзілген жерінен жалғастырмай, Хаќназар ордасының төбе биі Аќсопының сүбелі сөзінің елді бірлікке шаќырған тұсынан мысал алайық: «Абдолла оңай жау емес… Бұған ќарсы тұру үшін ойдағы, ќырдағы ќазаќ тайпасының бас бірлігі керек. Отыз жылдан бері шалғай ќонып, шет жайлап кеткен Ноғайлы саңлаќтары, сендердің де ќайтадан өз үйірлеріңе ќосылғандарың абзал. Сөйтсек ќана біз ен жайлап, еркін көшкен елдігімізді саќтаймыз. Бұхар мен Хиуаның ќұлаќ кесті ќұлы болудан ќұтыламыз. Басымыз да, ќосымыз да бір болсын, елдігіміз мен белдігімізді бір жерден ойлайыќ, бізге ќосылыңдар. Сырымыз да, сыңайымыз да осы. Ќолмен келсек ќорќытќанымыз емес, жауға ќарсы ќайрат көрсетер күшіміз сендерге де көз ќуанышы болсын деп келіп отырмыз» [208-б.]. Осыншама «құлақтан кіріп бойды алған», тыңдаушысын баурап бойсұндырған сөз өнеріне аудармашы самарқау сыңай танытқан. Кеңістікті “өз сөзімен” толтырады, Ақсопы емес, Есенберлин емес, Симашко сөйлейді. Мынадай бірдеңені айтады: “…И они знали, наши здешные враги, что эта конница в ту же минуту двинется к нам на выручку, считая нас частью единого Казахского ханство”[198-б.]. 9-тұжырымда айтылған «…оның (Аќсопы бидің – Н.Р.) аталы сөзі мен әділетті тоќтамын екі жаќ бірдей ыќыласпен тыңдады» деген сөйлемнің аудармада бұрмаланып, «…Все они прекрасно понимали, что от века в степи не имели силы самые мудрые слова и добрые пожелания, если не стояло за ними войско» дейтіні осы тұста болатын. Осы арада аудармашы ойдан біреуге сұраќ ќойғызады да, онысын тағы «проявил свою глупость» деп бағалап қояды. Бұл – 21-тұжырымға да дәлел, халыќтың ќасиетін бүркемелеп, терісінен көрсету арқылы, тек таяқтан қорқатын жануар іспетті көпті ќаралау, қорлау. Мұның бәрін түгел талќыдан өткізу мүмкін емес. Не де болса, сөйлеп тұрған бидің ел басын біріктіруге арналған шешендігін түгелімен ойдан жасап, сол жұрттың ќолмен келгендігін онымен ұштастыруда аудармашы «ұтќан».

      Ары ќарай «…Ел бірлігін тілге тиек еткен нелер әшекейлі толғаулар ортаға салынды. Бір мезет Хаќназар Аќ Орданың басына төнгелі тұрған ќилы-ќилы кезеңдер бар екенін баяндай келіп, Ноғайлының Аќ Ордаға түгел ќосылуын талап етті» деген жолдардың «парафразасын» да аудармашылар өз пайдасына тәп-тәуір шешкен: «…Лишь в конце произнес свою речь сам Хакназар. – Хивинские и бухарские владыки хотят навсегда растоптать наше ханство, – сказал он, указывая на юг. – От наших колен происходят все они, ибо из нашей степи пришли туда Абулхаир и Хромой Тимур. Но такие дети всегда полны неблагодарности, и нечего ждать нам от них пощады. Другая жизнь у них, и другие интересы. Нам некуда уходить из своей степи!». «Ел бірлігі» деген сөз де жоќ, мағына да жоќ, біраќ бір нәрсе көп – ол – осы тұжырымға дәлел болатын мысал.

      Түпнұсқаның 424–426-беттерінде Нысанбай жыршының не жырлағаны туралы айтылады, үзіктер алсақ: «...Осыдан соң Нысанбай жыршы әр жүздің әйгілі хандары Әбілмәмбет, Барақ, Нұралыларға қысқа-қысқа сөз тастап, үш жүздің басын қосу жолында күрескенін, кейін Абылай деген атпен хан болған Әбілмансұрға тоқтаған. ... Бірақ Россия қатын патшасы қазақ елінің басын біріктірудің қауіпті екенін ойлап тек өлерінен екі жыл бүрын ғана оны Орта жүзге хан етіп указ бергеніне бір тоқтап, сол Абылайдың жетпіске келгенше ыңғайына қарай біресе Россия иатшасына, біресе Қытай боғдыханына икем көрсетіп, Түркістаннан бастап Есіл, Нүра бойына дейін көшкен қалың қазақтың еркінділігін жоғалттырмай ел ғып сақтап өткенін тағы да бір алуан жыр ғып шырқатты. ... Дауысы қарлығып болдыруға айналған Нысанбай тек ел жатарда ғана Абылайдың қарақалпақ әйелінен туған Уөлидің Россияға қол шоқпар болып кеткенін, қалмақ қатынынан туған Қасым төренің әке жолын қуып, қазақтың басын қосамын деп бәйек болып жүргенін мадақтай келіп, кенет оқшау отырған Кенесарыға қарай...». Оның Кенесарыға қарай не айтпақ болғанын 20-тұжырым еншісіне қалдырайық та, бұл жерден түйгенімізді түйіндейік, қанық бояумен жазылған қатарлардың бірі де аудармаларда берілмейді. Бет алды еркінсіп, аудармашы беттерді өз білгенімен толтырады.

 

18-тұжырым

Үрей, аяныш тудыратын көріністердің бояуы ќаныќ суреттеледі,

кейде ойдан ќұрастырылады

 

      “Осыдан екі ай бұрын Мұхамед-Шайбани Түркістан жерінде ќазаќ саудагерлері сауда-саттыќ жүргізбесін деп жарлыќ берген. Бұнысы бүкіл Дәшті Ќыпшаќќа зорлыќ еді. Ќаладан керек затыңды алма деу әрине, зор ќиянат” [187-б.] деген сияќты сөйлем кездессе болды, осында тұрған зорлыќ, ќиянат деген сөздердің өзі «Только накануне своей гибели Мухаммед-Шейбани распорядился о недопущении кочевников в степи Дешт-и-Кипчак на базары Туркестана. Тех, кто продавал им что-нибудь, ждало наказание, вплодь до лишения жизни. Так дальше продалжаться не могло. И вот время пришло!» [173-б.]  деп, «ќолдан жасалған ќара бұлтты төндіруге» жетіп жатыр.

       Түпнұсќаның 236-бетінде: “Содан кейін барып зынданда ќұрт-ќұмырсќа жеп жатќан Тахир сұлтанның басын аламыз” десе, орысшада [227-б.] “… а с ним и султан Тахир, который спит сейчас вместе с крысами-людоедами в зиндане!” дейді, ағылшыншасы осындай [243-б.].         

       Абылайдың аќ бурасы ғайыптан пайда болып, иесіне ќастандыќ жасайын деп жатќан Мүлікті «желкесінен тістеп ап, жерге алып ұрып, аяғымен тарпып-тарпып жіберіп, үстіне шөгіп…» [341-б.] өлтіреді. Мүліктің денесін әлгілердің ќалай жерлегені туралы ештеңе айтылмайды екен. Сол сәтті пайдаланып, орыс тілді аудармашы «А потом к мертвому телу своего одноплеменника пришел глухонемой раб и унес его останки. Он тут же похоронил их по древним законом своего народа» [323-б.] деп, ойдан ќұрастырып әкетеді. Бұлар Ќоќаннан жіберілген екі ќұл, «своего народа» деп бұл жерде өзбек халќын айтып отыр екен, адамды өлген бойда жерлейтін «заңды» ойдан таңады. Ќазаќшасының өзінде мылжа-мылжасы шыќќан, тісі аќсиып кеткен, сыќылыќтап күліп жатќан адам сияќты деп, онсыз да жеріне жеткізе суреттелген мүрдені «Зубы мертвого Малика были оскалены в страшной улыбке» [322-б.] деумен ќоя салмай, көріністі «асќындыру» үшін «денесінің ќалдыќтарын» алып кетіп, «оларды» сол арада жерледі деп, бөлшек-бөлшек адам ќалдыќтарын жерлегендей, оќырманды түшіркендіреді. Осындай тәсілмен егер оќыс, сұмдыќ оќиғалар мен көріністердің арасы сиреп бара жатса, ондайларды аудармашы ауыќ-ауыќ ойдан ќұрастырып отырады.

      Ќазаќшаның 241-бетінде: “…Осыншама өшігердей бұларға (жоңғарларға – Н.Р.) айдалада Түркістанның сұрғылт даласында өзімен-өзі болып, тыныш жатќан осынау еңбекші жұрт не істеді екен?” деген, одан әрі т.с.с. әлсіздің ар-намысын күштінің аяќ асты етуді арман ететіндігі туралы өте үлкен “абзац” аударылмайды, олардың орнын аудармашы “өз есебін” түгелдейтін фантазиямен толтырады. Мәселен, осы беттегі «Зеңбірек оќтары бекініс үстіне кеп, тынбай жарылып жатыр» дегенді “Но это была не камнеметная машина “черный дромадер”, два века назад пытавшаяся сокрушить эти стены. Чугунное крутящееся ядро ударило в самый верх крепости башни, отбив один из зубцов, и комья сухой глины посыпались вниз на толпу. Другое ядро перелетело стену и попало в середину площади, убив привязанного к колышу коня” [231-б.] деп, ќұр зеңбірек атылды деп ќоймай, “ұќыпты” аудармашы оның әрбір оғының түсіп жатќан орнына мұќият зейінмен ќарайды. Мұндағы маќсат – үрей, ќорќыныш, аяныш деген сезімдерді еселеу. Ал түптің түбінде бұл халыќќа деген жиіркеніш сезімін тудыру маќсаты жатса да, таң ќалатын еш нәрсе жоќ тәрізді. 

       Ќазаќты ќанішер етіп суреттеуді ашатын келесі 19-тұжырым да осы 18-тұжырыммен етене байланысады.

 

19-тұжырым

“Қазаќ – ќанішер, ќаннан басќа көргені жоќ халыќ” деген ұстаным бар

 

     «Жанталаста» берілген Бұхар жыраудың бір шумағын аудармасымен салыстырайық:

Ежелгі дос жау болмас,

Шіркеуіште хаты бар.

Ежелгі жау ел болмас,

Көңілінде кірдің таты бар [282-б.].

 

Никогда не станет твой друг твоим врагом,

Ибо кровь его смешалась с твоей во время клятвы...

И старый враг никогда не станет настоящим другом,

Ибо кровь его пролита твоей рукой! [269-б.].

Ағылшыншасы [292-б.] орысшасымен бірдей.      

     Түпнұсқаның 205-бетінде «Әбілмансұрдың өткір сұрғылт көздері самай тамырға қадалған алмас қандауырдың ұшындай Бұқар жыраудың бетіне қадала қалды. Бұқар жырапудың бойы шымырлап кетті. «Бәтшағардың көздері қандай өткір еді... Шағатын жыланның көзіндей селт етер емес қой...»» дейтін сөйлемдер бар.  Аудармашы: «Юный табунщик смотрел прямо в лицо своими немигающими глазами. По спине у жырау невольно пробежал холодок. «Какие все-таки у него глаза: как у змеи! подумал он. Так же блестят   и то же бесстрастие. Откуда это? Наверное, от вампира-деда, которого не называют иначе, как Аблай-Кровопийца»» деп, өз ойын еркін жазып, құмарын қандырады [191-б.] (ағ.т. [204-б.]). 

     14-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген соңғы мысалдың жалғасы [104-б.]: «Ол (Исан-Бұға – Н.Р.) өзінің сүйген адамының көз алдында ќалай ќаза тапќанын көргеннен кейін, жас жаны енді аяушылыќты мүлдем ұмытып, тірі пендеге аяусыз тасбауыр болып алған (Соңынан алғашќы махаббатының өшін талай ќас-жауынан ќайтарған)» деген бір сөйлем үшін орысша аудармасының бір ғана 99-бетінде «…человеческая кровь сделалось для него такой же обычной влагой, как вода в текущей через город речке» деп бір, «В такие дни приговоры были его самыми жестокими, наказывался правый и виноватый. Палачи знали это и, когда хан возвращался с могилы золотоволосой девочки, применяли самые изощренные методы казни. Это были все те же два палача, которые когда-то перерезали ей горло, и менять их хан ни за что не хотел…» деп екі«Сегодня Иса Буга побывал уже на могиле золотоволосой девочки, но так и не появилось у него желание увидеть чью-то кровь (бұл – «хан жолының мейрімсіз жол екенін есіне түсіріп, толќуын тоќтататын» дегеннің орнына– Н.Р.), – деп үш, – Слишком много забот свалилось в последнее время на его голову. Кровь лилось потоком по всем границам Моголистана» деп төрт, «Нет, никогда не осилить им тех, кто от века живет на этой земле. Кровью предков полита она» деп бес рет ќан төгу сөзін жан түршігерлік тәсілмен ќолданады. Дәл осы рет ағылшыншаның 106,107-беттерінде ќайталанады. Ал түпнұсќада мұның бірі де жоќ!!!

     Бұдан соң өзге мысал келтіріп жатудың өзі артыќ.

    «Адам ќаны судай аќты» деген сөз ќолданыс І.Есенберлинде де жоќ емес, біраќ М.Симашконың оны «…сама природа карает его (Аблая – Н.Р.) за грехи, ибо не было дня в его жизни чтобы не лилась потоком человеческая кровь [349-б.]» дегеніндей бірнеше еселеп ќолдануы кәдімгі ќасиетті Ќұран кітаптағы тозаќтың сипатын көзге елестетеді.

           

20-тұжырым

Ел басќарған ерлер мен хандарды абыройсыз етіп суреттейді, ќаралайды

 

       Бірқатар тұжырымдар дәлелдемесінде келтірілген мысалдардан ќазаќ есімдерінің, яғни бас көтерер азаматтарының тегіс абыройсыз суреттеліп, ќараланатыны көзге ұра көрініп отырады.

     15-тұжырымда Әбілќайырдың ең алғашқы жорығында ќалай мазаќ болып көрсетілгеніне көз жеткізген едік. Аударманы түпнұсқамен салыстыра оқыған кісі Кіші жүздің ханының сол күйінше аударма бойына бір абырой алып көрместен, өмірінің соңғы сәттеріне дейін мазақ, қорқақ болумен қор болып өткенін өз көзімен көре алады. Енді (ел тізгінін ұстаған ерлерді түгел тізе алмаймыз) Абылай мен Кенесарыға шығарма аудармаларында «жасалған ќастандыќќа» ќысќаша тоќтап өтеміз.    

     17-тұжырымда сөз болған Нысанбай жыршының ел бірлігін ойлаған қазақ хандарына айтқан мадағынан соң, оқшау отырған Кенесарыға қарай айтқаны мынау болатын:

«Абылай жолы ауыр жол:

Батыр Кене, біліп қой.

Абылайдай берік бол,

                                                                      Алам десең абырой, — деп үзақ жырын бітірген» [426-б.].

Қызық үшін осы төрт қатар өлеңнің қалай аударылғанына зер салайық [404-б.]:   

«Тернистым был Аблая путь,

Не забывай, батыр Кене.                  

Будь твердым.и когда-нибудь

Аблаем стань в родной стране!»

Екі ханға да ортақ абырой деген сөзді електен өткізбеудің амалын ұсталықпен тауып аударған (ағ.т. [434-б.]).

     Абылай хан аты ќазаќ халќы үшін ќаншалыќты асќаќ болса, аудармаларда соншалыќты керісінше – біржаќты ќанішер, татып алар тартымды ісі жоќ, сүйкімсіз, сұмырай болып сипатталады. ¤мірден озып бара жатќанда Бұќар жырау екеуінің ризаласып отырған сәтіндегі ойдан ќұрастырылған үлкен диологтан үзік келтіреміз [351-б.]:

     «–…Но каково твое последнее пожелание, хан Аблай?

– Разве исполнимо оно, мой жырау?... – Губы уже начали светлеть. – Жить я хочу… Ну, а что говорить об этом. Хорошо бы, если бы люди не пугали детей моим именем». Бірден орысшасын бердік, ќазаќшасымен салыстыра беретін түпнұсќада баламалы мәтін жоќ. Бұл – аударма емес, «мен мұны қалай аударсам екен?» деген ой жоқ, ойдың бәрі – «та-a-ак, мен мұны былай жазайын» деген айлакерлік. Бұл – Абылайды ќадір-ќасиеттен жұрдай етіп көрсету үшін ойдан ќұрастырылған диалог, мазмұны тұтасымен керісінше. Соңғы тілегі – оның атымен балаларды ќорќытпасаќ болды, басќа арманы жоќ екен. Біраќ аудармаларында Абылайдың осындай тілек тілейтініндей бар, алдыңғыларын ќозғамай-аќ ќойғанда, осы соңғы диалогтың өзінде-аќ: «В неестественно больших, пронизывающих человека насквозь глазах Аблая он увидел последние искорки жизни», «…умирающий улыбается», «…какая-то умиротворенность появилась на лице этого страшного человека» деп берілетін жерлер бар. Ќазаќшасында осыған ұќсас «Адамның өңменінен өтетін үлкен өткір көздеріндегі нұрдың сөніп бара жатќанын көрді де ең болмаса сөйлесіп ќалайын дегендей, Абылайдың төсегіне жаќындау отырды», «Абылай езу тартќандай болды» дейтін сөйлемдер бар. Біраќ «ќорќынышты адам» деген сөз жоќ еді, осыншама үлкен шығарма бойына ќаралап келе жатқаны жетімсіз болып ќала ма деген күдікпен, мұндай сөздерді де аудармашы озбырлыќпен ќолданады.

      Ќазаќ мәтінінде осы үлкен диологтың ортаңғы бөлігінде [374-б.]: «Артыңдағы ұл-ќызыңа айтар ќандай кеңесің бар?» дегенде Абылай хан: «екі айтарым бар, бірі – ќазаќ аз ел ғой, азып-тозып кетпес үшін, ќолдарынан келсе солардың бірлігін саќтасын. Бірлігі бар елді басќару жеңіл. Екінші айтарым – (ќысќартып алғанда) …Аќ патшамен тіл тапќым келді, …Біраќ «битке өкпелеп тоныңды отќа салма» деген, сол аќ патшамен найза арќылы емес, сөз арќылы тіл табуға тырыссын. Бұлай ету өздеріне сүйеніш болады» деген екен. Осындағы екінші тілекті орыс тіліне аудармашы толығымен және ернеуінен асыра аударады [351-б.]: «И все я делал для того, что сблизиться с русскими царями. Они – наша опора, и пусть султаны всегда помнят об этом…» т.с.с. дегендей… Ал біріншісін аударғанда Абылайдың артында қалған ұрпағына қалдырған өсиеті: «Чтобы легче им было управлять народам, пусть сплавят его в единый брусок. Без пощады пусть карают ослушников, каким бы путем ни пошли!…» болып шыққан екен. Аудармасындағы «ќанішердің» аузынан бұдан басќа тілек шығуы да мүмкін емес болатын.

     Аудармашы шығарма «фонындағы» экстралингвистикалыќ аќпаратты да «өңдеуден» өткізіп отырады. «Сөзімді ешкім тыңдап тұрған жоќ па дегендей Абылай жан-жағына ќарады. – Мен бұл арада отырсам, мына жұрт хан етіп ќалдырмайды» [372-б.] – «Теперь Аблай не просто оглянулся. Он даже привстал на носки, чтобы посмотреть, нет ли кого-нибудь за ближайшим холмиком. Только после этого он прошептал: «– Если наши аулы останутся здесь, то нас не останется в живых, мой жырау!» [348-б.] (ағ.т. [372-б.]) Ханға емес, ұры-қарыға тән мінез-құлықты таңу!   

     Абылайға (сондай-аќ, ќазаќтың өзге де ер-азаматтарына) аудармашының осыншама өшігетініне таңдана ќарауға мәжбүрміз, 234-бетте: «…и трижды проклятое имя Аблая – кровавого деда этого юноши…» делінген, ағылшын аудармасында «үш дүркін ќарғыс атќан» демей, «the accurced name of Ablai» [251-б.] «ќарғыс атќан Абылай аты» күйінде жеткен.  

     12-тұжырым делелдемесінде айтылған «Вы знаете этого разбойника» деген сөзімізге келейік, Кенесарыға да аудармада аяусыз жала жабылады. «Россия – дария, біз – кішкентай ғана мөлдір бұлаќпыз. Мөлдір бұлаќ суы дарияға ќұйғанда несі ќалады?…Біз Россия патшалығына бағынсаќ, ел деген аттан айрыламыз. Жоќ, ќазаќ бұрын Абылай ханға бағынса, енді оның немересі Кене ханға бағынады. ¤зім билеймін…» [535-б.] деп, елін, жерін өзгеге жем етпеймін деп, ќайтсем ќазаќтың басын біріктірем деп, орыс отаршыларымен арпалысып жүріп, соның жолында өмірін берген ер Кенесары ханымыз соңынан ермеген, онысымен ќоймай екі жүзділік көрсетіп, сатќындыќ жасаған кездерінде күйініп, өз ќазағын да түрліше жазалаған екен. Малын да айдап кетеді, «маған ќосылсаң, ќайтып берем» дейді. Ал алған малын, «өзгеге жем болғанша өз ќазағыма бұйырсын» деп, әлгілер ќосылмаса өз ќарамағындағы ќазаќќа таратып береді екен. Наќты және ќарапайым мысал, Иосиф Гербуртпен сөйлесіп отырғанда, Кенесары «көнбегенді күшпен көндірем, ертең «мынадай» рудан бастаймын» деп, не үшін ќатуланып, ызаланып отырғанының ќазаќшада [535-б.]:  «… ру билері көптен бері Кенесарыға екіжүзділік көрсетіп келген. ...Ел басын біріктірем деген Кенесары бұл билердің өз руларында ыќпалды екенін еске алып, жеңіл-желпі күнәларын кеше салатын» деп себептері ашылады, оның бұрыннан біржаќты «ќанќұмар» еместігі айтылады. Аудармаларда (ор.т. [502-б.], ағ.т. [533-б.]) аќтау сөздері алынып тасталады да, бірыңғай даттау сөздері ќалдырылады. Толыќ аќтайтын талай сөйлемдерді айтпай-аќ ќойғанның өзінде, оған тым ќұрығанда мынау сияќты жартылай аќтау сөздері де бұйырмайды: «Бұрын тек өшіккен аға сұлтандардың, би датќалардың ауылын шауып, малын айдап алатын болса, енді олардың ќарамағындағы жазыќсыз елдерді де шабуға кірісті» [537-б.]. Мұндай сөйлемдерді де аудармашылардың бере алмайтын себебі, оларша Кенесары – о бастан ќараќшы. Осы Жүсіп екеуінің әңгімесі барысында Кенесары: «…өз дегенімді істеу үшін ештеңеден де тайынбаймын» деп ќатуланғанында Жүсіптің: «Мұндай мейірімсіз ќара тасты ќалай түсінерсің…Әлде осындай ќара тас болуға ашынғанынан барып отыр ма?» деп, Кенесарыны аќтап алатын ойлары да аударылмайды. «Біраќ Кенесары ешќашан дәл мұндай (оның дұшпандары жасағандай – Н.Р.) шектен шыќќан ќанішерлікті көрсетпеген, – дейді Есенберлин [572-б.]. Оның жанын түсінген ќазаќ «Ќаћарды» оќығанда көзіне жас толып, Кенесарымен бірге ќаћарланып отырады. Ал аудармаларында бұрмалай берудің салдарынан 3-кітаптың «Ќаћар» деп аталу себебі ашылмай ќалады, керісінше басынан бастап Кенесарыны разбойник, грабитель – robber деп бір суреттеп алады да, кітаптың өн бойында реті келген тұстарды тек жібермей, оның басын кесіп әкеліп Эрмитажға ќойғанға дейін әлгі жапќан жаласын ойдан өрбітумен болады. Ойдан ешнәрсе ќосып, алмай-аќ онсыз да, аќ-ќарасы аралас сомдалған Кенесары бейнесін оќырманның өз сарабына ќалдыруға болар еді, оның «алажібінің» біржаќты «ќара жіп» болып өріліп шыќќаны өкінішті! І.Есенберлин қазақтың соңғы ханының қаһармандығын, ел болашағын көксеумен өксіп өткен өмірін көрсету үшін мүмкін кітапты «Хан Кене» деп атай алмаған болар, ал оның тіпті кері мағынасындағы келбетін паш етуге келгенде «Хан Кене» деген аттың жаһанға жар салуын көрмейсіз бе?!

     Осылайша сарапшы да емес, тарихшы да емес, жәй ғана аудармашы, не тіл маманы ретінде Абылай, Кенесары сияќты өзге де ќазаќ хандарын аудармада таңылған жаладан арашалап алуға болады (Мұнда келтірілген дәйектер де 15, 16, 17, 19-тұжырымдарға дәлел).

 

21-тұжырым

Бүтін халыќты ќаралайды, қорлайды, халыќќа ќазаќ деген атты да ќимайды

 

     Ел басқарған ерлері есерсоқ болса, ондай жұрттың жалпақ жамағатынан не үміт?! Тұжырымдар тұтасымен, (14 – 20-тұжырымды қоса) айналып келгенде ќазаќ деген бүтіндей бір халыќты ќаралауға қарай бет алады. Түпнұсќаның еш жерінде жоќ, орысшаның 134-бетінде (соған орай ағ.т. 145, 146-бб.): «…Но разве можно надеяться на всех этих волков и шакалов, которые, гонясь за одним оленем, кусают друг друга за бока?.. Даже волки так не делают. Только имея острые клыки, можно подчинять всех их себе. Силу уважают они!» деген нәрсе айтылады. Іле-шала «А там, где легкомысленные старшины и бии подняли аулы на вооруженное сопротивление, пришлось, по испытанному дедовскому методу, сжечь аулы. Смрадные трупы остались на пепелищах, и долго еще кружили вороны там, где недавно жили люди. И люди эти были казахи…» деп, өзін-өзі жермен жексен еткен дегенге келтіріп, халыќты жаппай ќаралау орын алады.

      Ќазаќшада Тәуекел үйге Ќияќты алып кірген бойда сұрап жатыр [239-б.]: “– Ал айтшы, маған ќастыќ ойлардай ќай бауырыңды өлтірдім, ќай ќалыңдығыңды ќорладым?

       Ќазаќ баласы деген бауырымды өлтірдің, ќазаќ ќызы деген ќалыңдығымды ќорладың!..» (осы жерден ќысќартамыз). Осының өзі қай сұмдықтан кем түскендей? Орысшада [229-б.]:

«– Кого обидел я из твоих родственников?

       Разве не мои родственники жили  в тех аулах, прах которых ты пустил по ветру, багадур? Разве не моих братьев продают сейчас в рабство на всех базарах мира? Разве не моих сестер опозорили твои лашкары, прежде чем продать их в чужие гаремы деп, қара аспанды төндіреді.

       Енді бір мысалды тағы Абылайдың аќтыќ сөзінен алсаќ [351-б.]: «Думал я всегда, что казахи – малый народ и должены быть как волки. Посмотри травят волков, уничтожают кому не лень, ставят капканы во всех тропах, но они никак не исчезнуть с лица земли!» дейді. Мұндай сөзді жердің бетінен бір ќазаќ көруді ќаламайтын кісі ғана айта алған болар еді. «Аудармашы» бұл сөзді Абылай ханның аузымен, І.Есенберлиннің аузымен айтыпты. Бұл – шамасы ќазаќшадағы [375-б.] «¤мір бойы ќазаќ тәрізді азғантай ел ќасќыр тектес келсе, сол жөн деп ойладым. ¤йткені ол өз тіршілігі үшін алыса да, жұлыса да біледі. Ќазаќ елі сол ќасќыр тәрізді өз тағдыры үшін күресе алса ғана тірі ќалады деп ұќќам…» деген сөйлемдердің «аудармасы» болса керек. Осындағы ќасќыр деген сөзді ғана алып ќалып, ары ќарай ол ќасќырға не істетемін десе де өзіне ерік береді. Автор кейде «көкжал» сөзін оң мағынасында қолданғысы келсе, аудармашы ондай сәттердің бәрін теріс мағынасына айналдырып, дөңгелендіре әкетеді. Аударма барысында (түпнұсќасында айтылғанды жеткіліксіз көріп) ќазаќты жыланға, мисыз арыстанға, есекке, жалпы хайуанға (подобно зверям дейтін) теңеулер жиі орын алып отырады. Екінші кітап – «Жанталастың» көлемі бір бет болатын прологында ќазаќ сөзі 9 рет ќолданылған [191-192-бб.]. Орысшасында пролог деп берілмейді. 9 рет ќолданылған ќазаќ сөзінің төртеуі аудармада бар, бесеуі тигр, ќасќыр, өгіз сияќты сөздермен ауыстырылып, жоғалып кетеді [177-178-бб.]. Осылайша ханы да, ќарасы да тегіс ќараланған аударма-туындының кульминациясы – аударғандар бұл халыќќа ќазаќ деген атты да ќимайтын тәрізді. Ќазаќшаның 237-бетінде: “– Кешірім етеді деген сөздеріне сенбеңдер! – деді бар даусымен. – Шыдаңдар! Берілмеңдер! Көп кешікпей сендерге жәрдемге Яссы, Сайрам, Отырар, Аќрұќ… Бүкіл ќазаќ даласы келеді” деген сүйретіліп бара жатќанда айтќан Латиф сұлтанның сөзі беріледі. Орысшада [227-б.]: “– Не верьте им! – кричал пленник. – держитесь, и тогда придут к вам на помощь Яссы, Сайрам, Отрар, Архук (осылай жазылған)… Вся степь придет!” делінеді, ағылшыншасы да осындай [243-б.]. Әрине, бұл сөйлемнің аудармасы салыстырмалы түрде ќарағанда, жаќсы. Себебі, сөйлемнің ізі бар. Тек бір сыны – ќазаќ деген сөзді аудармашының атағысы келмейтіні. “¤зге ќазаќ батырлары басќарған әскердің көбі бұлардың соңынан ерді” [256-б.] дегенді [246-б.] “За ними устремились и многие другие отряды, предводительствуемые степными вождями” деп аударғанда да осындай ќазаќ сөзін степь сөзімен ауыстырады (Біраќ осы тұжырымның бас жағында келтірілген мысалдағыша «…И люди эти были казахи» дегендей, «айтќысы келетін» жерлерінде екпін ќоя айтып отырады).

      «Оның үстіне төре тұќымы бір әке-шешеден туып, бір емшектен сүт ембесе, бірінің ќызын, ќарындасын бірі алып, күйеуі өлсе оның әкесіне немесе ағасына тиіп шатысады да жатады. Ќара ќазаќтай әйел мәселесінде «ұят», «обал», «ата жолы» деп ар-намысты сылтаулап төрт тағандап жатып алмайды, ќашан да болса бос белбеу, көйлек етегі жеңіл, сыпырма, босаң келеді» [471-б.] дегеннің орысшасы [450-б.]: «…В отличие от простых кочевников, они себе и не такое еще позволяли, что мужчины, что женщины. Это о них в народе говорили, что одежды у тюре скроены таким образом, чтобы в один миг можно было скинуть их». Аударманың бұл бетінде талай «тамаша» бар (оның бірін 16-тұжырымда Бұқар жыраудың бір шумағынан көргенбіз), бірақ осы жерден ќайыруға тура келеді. Бұл жерде қазаќќа тән «ұят», «обал», «ата жолы», «ар-намыс» ұғымдарын аудармашының ауызға алғысы келмейтіндігін 9-тұжырымға тиесілі дәйек деп, көрсете кетеміз де, аударма барысында ќазаќтар сөзінің орнына «кочевники» дегенді де ќолданудың жиі ұшырасатынына логикалыќ екпін ќоямыз.

       «Егер орыстың Горчаков, Скоблев секілді генералдарына салсаң, осынау кең далада бірде-бір ќазаќ ќалдырмауға бар” [527-б.] дегенді “…если бы все русские думали так, как некоторые генералы-вешатели вроде Горчакова, то давным-давно не осталось бы в степи ни одного «инородца» [497-б.] деп аударатыны сияќты көп жерлерде ќазаќ сөзінің орнына «инородец», «инородцы» сөздері ќолданылады.

     Айта берсек, мысал көп, соның тағы бірін келтірсек:

“– Таң ќалам, – деді ол (Перовский – Н.Р.) сәл кідіре, – жайшылыќта аулы бір ќонып өтетін жерге таласатын ќазаќ рулары, Сібірден ќаптай көшкен осыншама елге ќалай ќоныс берді?

       Расында бұл таң ќалатын жағдай, – Генс ойлана жауап ќайырды. – Кенесарының күші де осында емес пе? Ол Россия империясының отаршылыќ саясатын өмір бойы бытырап жүрген ќазаќ руларының басын ќосуға пайдалана біліп отыр” [506-б.]. Орысша аудармасында [478-б.] “Так вот: как же могло случиться, что казахи, как называют они себя, (ағ.т. [508-б.]: “…the Kazakhs as they call themselves…”) которые обычно яростно защищают свои пастбища даже от ближайших родственников, без всякого сопротивления пустили на свои исконные земли всю эту массу родов из чужой и на протяжении долгого времени враждевной им Средней орды? Почему они мирно уживаются на пастбищах? Не происходит ли нечто необычное в степи, чего мы еще не в силах понять?» Бұл жерде де барынша бұрмаланып жатќан жағдайларды және Кенесарының өмір бойы ќазаќ руларының басын ќосу үшін күресіп келе жатќаны туралы аударылмай кеткен сөйлемдерді (17-тұжырымға дәйек дей тұрғанмен) даулап жатудың ќисыны жоќ. Бұл жердегі мұның барлығынан да маңызы зор мәселе, аудармашының мәдениетаралыќ коммуникация процесінде аудармашы емес, «іріткі салушы» ќызметін атќаруы, «информационный шум» көтеруі. Наќтыраќ айтќанда, саясаттың ұлтты ұлт ретінде танығысы келмейтіні ашыќ мәтінмен айтылған.

      Генс пен Перовскийдің одан әрі ќарай түпнұсќасында бір басќа, аудармасында бір басќа болып, әңгімелері ќыза түседі.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..