Адамның дамуы көп жағдайда биологиялық факторларға

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 2

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..

 

 

Социбиология бағытының адам туралы теориясы

 

 

    

Адамның дамуы көп жағдайда биологиялық факторларға байланысты болғанымен, бірақ оны абсолюттендіріп, асыра бағалауға болмайды. Осы жөнінен алғанда соңғы кезде шыққан социобиология деп аталатын жаңа бағыттың адам жайлы теориясының көзқарастық қағидаларына талдау жасаудың сабақ боларлық мәні бар.

     1975 ж. Американдық энтомолог Э. О. Уилсонның “социобиология : новый синтез” деген кітабы жарық көрді.  Социобиологияның щығыуы осы кітаптың шығуымен байланысты болды. Бұл кітапта адамның моральдік, еркіндік, агрессивтік, эгоистік, альтруистік сияқты әлеуметтік сапаларын жануарлар биологиясы тұрғысынан жаңаша түсіндіру концепциясын түсіндіреді. Мұнда жануарлармен адам арасындағы мінез құлық ұқсастығының шекарасымен мүмкіндігін талдауға аса маңызды орын беріледі. Бұл мәселелерді шешудің кілтін дарвенизм ілімінің ұғымдары мен принциптерінен, атап айтқанда табиғи сұрыпталу ілімінен іздейді. Жануарларды зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытындыларының адам мінезін түсіндіруге кеңінен қолданады. Методологиялық жағынан өарағанда, адамның мінез-құлық сапасы биологиялық және малекулалық генетика тұрғысынан тұрпайындылап түсіндіріледі, яғни антропология биологияға, ал биология малекулалық генетикаға жатқызылады.

     Социобиологтардың пікірінше, адамның табиғаты жайлы түсінікті негізінен өзгертетін біріккен гендік-мәдени эволюция теориясы блуы тиіс. Бұл теорияның мәні мынада: адамның бойындағы органикалық және мәдени эволюциялар процестері бірге жүруі керек, өйткені гендер мен мәдиниет бұл эволюцияда өзара айырғысыз байланыста. Бірақ жетекші рөлді гендер атқарады. Адамның көптеген іс-әрекеттерінің түпкі себебі солар болып табылады. Сондықтан адам іс жүзінде алдымен биологиялық танымның Обьектісі болады. Осыдан келіп Уилсон социобиологияның міндеті “барлық жануарлардың, адамды қоса алғанда, әлеуметтік мінез-құлқының барлық формаларының биологиялық негіздерін зерттеу болуы тиіс ” деп тұжырымдайды. Оның теориясының басты қағидасының мәні мынада: адамның биологиялық табиғатынан тыс, одан бұрын пайда болған “трансцендельтальды” мақсаттары болуы мүмкін емес.

     Гендік-мәдени коэволюция теориясы өкілдерінің теориясы бойынша, адам моральдік сезімдерін биологиялық  каналдар бойынша мұраланатын сияқты. Мәселен қандас адамдардың некелесуіне тиым салу жануарлардың мінезіндеде байқалатын сияқты, олай болса, жалпы моральдық тиымның биологиялық негізі де сонда. Агрессияшылдық та сол сияқты адам психологиясына табиғи тән қасиет, олай болса, соғыс-адамға іштей тән қасиеттің сыртқы саяси көрінісі ғана . Махаббатта адамға іштей тән бірін-бірі қанағаттандыру сезімінің социобиологиялық көрінісі. Тіпті адамның санасы да тек биологиялық қажеттіліктерді орындау енструменті ретінде қарастырылады. Бұл қағидалардың бәрін қазіргі әлеуметтік дарвенизм, нәсілшілдік және евгеника теориялары өз мүддесіне пайдалануға тырысады.

    Адам мен табиғаттың дамуында биологиялық пен әлеуметтік факторлардың бірлігін көрсететін коэволюция шындығында бар. Ол ол ма, қайта адам табиғатпен бірлікте ғана дами алатынын ерекше атап көрсеткен жөн. Мұны орыс ғалымы В.И.Веронадский  ХХ ғасырдың басында-ақ атап көрсеткен болатын, адам мен табиғаттың, оның ішінде адам мен биосфераның өзара тығыз байланыстылығын сол кісі тұңғыш ғылыми негіздеген болатын. Алайда басты мәселе биологиялық фактордың әлеуметтіке тигізетін әсері, адамның мінез-құлқы биологиялықтан қаншалықты тәуелді екндігінде. Биология, гендер әрине адамның мінез-құлқын айқындайды, бірақ ол өзінің биологиялық табиғатынан тыс шыға алмайды. Адамның жануарлар мен эволюциялық байланысы да бар, олрдың мінез құлқында белгілі бір ұқсастықта бар. Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік жаратылысының биологиялық негізі бар.

     Алайда социолобиология бағытының өкілдері жасағандай, адамның дамуын және мінез-құлқын негізінен биологиялық терминдердің, заңдылықтардың көмегімен ғана түсіндірсек, мүлдем дұрыс болмады, өйткені адам бойынедағы биологиялық пен әлеуметтік, біз жоғарыда атап көрсеткендей, өзара тығыз байланысты. Тағы да айтайық, белгісіз бір себептермен жануарлар тобырының ішінде қалып қойған адам нәрестесі тірі қалғанымен, бірақ адам қоғамына қайта қосылса, бәрібір толық мәнінде адам бола алмайды. Мұны растайтын фактілер тарихта баршылық. Нәресте адам болу үшін туғаннан бастап әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңінен өту керек. Осы тұрғыдан алғанда орыс психологы А.Н.Леонтьевтің “Бала туылған кезде адамдыққа тек кандидат қана, бірақ ол оңашада адам бола алмайды: ол адамдармен қатынаста ғана адам болуды үйренуі тиіс”-деген сөздерімен келіспеуге болмайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс табиғаттың бір өзі адамды адам жасай алмайды.

    Адамның биологиялық жаратылысына әлеуметтіктің тигізетін әсерінің тағы бір жағы бар: адам бойындағы биологиядық қасиеттер мен әлеуметтік формада іске асып, әлеуметтік формада қанағат табады, яғни адам өмірінің табиғи биологиялық жақтары мәдени-әлеуметтік факторлар арқылы ғана “адамдыққа ” айналады. Бұл ұрпақ өсіру, тамақтану, сусындау сияқты т.б. таза биологиялық қажеттерді қанағаттандыруға да қатысты. 

      Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторларының адам дамуындағы рөлін түсіндірген кезде панбиологизм және пансоциологизм сияқты сыңаржақ теориялардан аулақ болған жөн, өйткені панбиологизмді бетке ұстаған кезде адам жануарлар деңгейіне дейін төмендетіледі, ал екінші сыңаржақ бағыты ұстанғанда адам түрінде көрінеді де оған сыртқы орта оның даму барысын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..