Абсолютті монархияның құлауы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 1

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  60  61  62  63  64  65  66  67  68  69  70  ..

 

 

 

 

Абсолютті монархияның құлауы

 

 

    Карл I-ші 1625 ж. таққа отырған соң, әкесінің «корольдердің құдай берген құқығы» туралы идеясын арықарай дамытып, Яковтан басқару шеберлігімен ерекшеленеді. Оның билеген периодының бірінші жартысында король және парламент арасында конфликттің өрістеуі анық байқалынды. 1625 ж. маусымынан 1629 ж. наурыз айына дейін парламент үш рет шақырылып, қайта таратылады. Бірінші парламент корольдің Испаниямен соғысқа сұраған қаржының тек 1/7 бөлігін беруге келіседі. Осыған қарамастан ол Кадиске әскер жібергенде үлкен зардап шегеді /37/.

    Сонымен қатар пуритандармен де қақтығысады. Бұл ағылшын шіркеуіне қатысты қозғалыстар парламенттен жақсы қолдау тапты, бірақ Карл бұған күмәндана қараған. Өзінің жақын досын және бас министрді соттан сақтап қалу үшін, 1626ж. парламентті қайта таратып жібереді. Енді елдің негізгі бағыты Франциямен соғыс болады. Ал қазынаны көбейту тәсілдері қоғамның жеке бостандығына үлкен қауіп төндіріп отырған. Сөйтіп Карл алым-салықтар алуға міндетті болып: осыған қол қоймаған, келіспеген тұлғаларды қамауға алатын немесе әскерге жіберетін. Корольдің осындай істері парламенттің наразылығын туғызып, 1628ж. наурызда парламент үшінші рет жиналғанда, король қалыптасқан жағдайды талқылап, парламент оған «құқық туралы петицияны» қабылдау талабын қояды. Бұл петиция бойынша король алым-салық тек парламент оны мақұлаған соң және қамауға алу заң жүзінде іске асырылу қажет делінген. Алайда король «петицияға» қол қойғаннан кейін де оны іс жүзінде атқарған жоқ: оның талабынан бас тартқандар қамауға алынып, жаңа салықтар парламенттің рұқсатысыз жинала берді. Ал парламент бұған қарсы шыққанда ол парламентті таратып жібереді. Екінші сессия барысында ол парламентпен қарым-қатынасты реттеуге әрекет жасағанмен, парламент оған қарсы болғандықтан, 1629 ж. наурыз айында оны қайтадан таратып жібереді. Бірақ осыдан кейін король қаржысыз қалады. Оның қарызы жылдан жылға көбейіп отырса да ол парламентті жинамай өзі басқа жолдарды іздей бастады. Нақ осы жолы оның абсолютті монархиясының тез арада  құлдырауына әкелді /38/.

     Корольдің жақын кеңесшісі граф Стаффорд басында парламенттік оппозицияның жағында болатын, бірақ паламенттің корольден әлсіз екенін түсінген соң корольдің жақтасына айналады. Оның ойынша егер король шешімді болса ол парламентті жеңіп шексіз билік жүргізгенде король оның көмегін қажет етеді. Осы граф Стаффорд ирландықтардың көтерілісін сылтау етіп, Ирландияның наместнигі болып сайланады. Одан кейін Стаффорд корольдің бұйрығымен әскер жинай бастайды. Ал осы графтың көмекшісі Кентерберийлік архиепископ Иод «еретиктерге» қарсы қатаң саясат жүргізеді. Олар ағылшын шіркеуіне және үкіметке қарсы шыққан пуритан-әдебиетшілерді қуғынға ұшыратып, қамауға алған. Сонымен қатар 1635ж. үкімет король қазынасын көбейту мақсатымен ерте кездегі салықты – кеме салығын жинау туралы шешім қабылдайды. Парламент осы кезден болмағандықтан үкімет оны жағалаудағы графтіктерден ғана емес бүкіл халықтан жинай бастайды. Бұдан бас тартқандарды қамауға алатын   /39/. 

    XVII ғ. 20ж. аяғында елдің экономикалық жағдайы тұрақсыз болады. Европадағы соғысқа байланысты сауда қысқарып, жаппай жұмыссыздыққа өнеркәсіптің стагнациясына әкелді. Ал 1629-1631ж. урожайдың нашар болуы, бұл жағдайды одан сайын  әлсіретті. Көптеген графтіктердің судьялары өрістеп келе жатқан қатер туралы хабарлағанда, халықтан үкіметке жағымдар келе бастады. Осыған байланысты 1631ж. Эссекс және Суффолк графтіктерінің  жұмысшылары былай жазған «Енді олар өте қиын жағдайда, тіпті нан жетпегендіктен өздерінің құрал-саймандарын, төсектерін сатуға тура келді ». Бірақ  XVII ғ. 30ж. қарай экономикалық жағдай біршама жақсара бастады.

   Жалпы Карлдың сыртқы саясаты ешбір корольден ерекшеленбейтін.  Оның француз-католичкасымен неке құру туралы жайт, бүкіл халықтың наразылығын туғызды. Себебі католиктік дворяндарға реакционды ықпалдың күшею қаупі төніп тұрды. Одан кейін 1627 ж. Англия Франциямен одақтасудан бас тартып, Ла-Рошелидің гугеноттарына көмек беру туралы шешім қабылдағанда қайтадан наразылық өрісі бұрқ еткен болатын. 1629 ж. Англияға Франциямен одақ құруға тура келді. Сонымен қатар Европада шведтік ықпалдың кеңеюінен қорыққан Карл Дания, Швеция және Голландиямен «Отызжылдық соғыста біріге әрекет ету туралы келісімін» бұзып, Балтық теңізінен өз флотын қайта шақырып алып, 1630ж. Испаниямен «Мадрид келісіміне» қол қояды. Англияға бұл соғыс бірнеше зардап шеккіздірді. Герман протестанттары ешбір көмексіз қалды, ал Вест-Индияда ағылшын саудасы туралы мәселе сол күйінде шешілінбей қалды. Ал үкімет болса арықарай сауда буржуазиясының мүддесін көздей берді.

   Осының барлығы ағылшын флотына кері әсерін тигізді. Егер Елизавета I-ші кезінде Англияның қолында ең үлкен әскери флот болса, XVIIғ. Нидерландыда, Францияда кемелерді қарқынды жасау басталғанда, Англия артқа қарай шегінді. Мысалы 1558ж. Армадаға қарсы 34 кеме қойса, 1641ж. Англияның тек 42 кемесі ғана болған. Ал ағылшын әскери флотын күшейту үшін қаржы керек болды. Бірақ бұл Стюарттар кезінде мүмкін емес болған.

      Англияға Тюдорлардан 1534 ж. құрылған  ағылшын шіркеуі жетті. Рим папасы ағылшын дінбасыларын басқарудан айырылып қана қоймай, одан келетін табыстардан да айырылады. Ал ағылшын шіркеулерінің діни басшысы король болады. Осы кезде үкімет монастырьлерді жойып, олардың жерлерін, мүліктерін конфискілеген. Католицизмнің кейбір догматтары болса протестанттықтарға ауыстырылды. Бірақ шіркеу аристократиялық, яғни жоғарғы таптың мүддесін көздейтін болып қала берді. Жаңа шіркеуде діни наным-сенімдер ағылшын тілінде болды. Дінге сенушілерге неке құруға рұқсат берілді /40/.

    Екінші периодта Карл жалғыз өзі шексіз билік жүргізді. Ең басты мәселе салық жинау болып қала берді. Яғни салық негізінен жоғарғы таптардан жиналғандықтан, король олардың қолдауынан айырылып қалды. Қаржылық және шіркеулік саясаты қоғамның жаппай наразылығына әкелді; бұл периодтың соңы Шотландиядағы оқиғаның себебінен аяқталды. Шотландия шіркеулерінде ағылшын үлгісі бойынша дінге табыну әрекеттері, шотландықтардың ұлттық сезімдеріне және діни наным-сенімдеріне қайшы келді.  Осыған байланысты ағылшын парламентті 1640 ж. сәуірде жиналып, 23 күннен кейін ешқандай ортақ шешімге келмегендіктен қайта таратылып жіберіледі. Ал осы кезде шотландықтар Англияға басып кіреді, келесі парламент, яғни «Тұрақты парламент» 1640 ж. 3 қарашада жиналып, корольдің шексіз билігі шектелуге тура келеді.

   Енді парламент мүшелері барлығы абсолютистік режимді тоқтатуға келісіп, біріге әрекеттер ойластыра бастайды. Олардың бірінші мақсаты – корольдің министрін, граф Стаффордты лауазымынан босату болатын. Алайда оны жазаға тартатын ешбір дәлелдемелер болмағандықтан, парламенттік билль арқылы оның азаматтық және меншіктік құқықтарынан айырады. Сонымен қатар сол кезде парламенттің қабылдаған акті бойынша ол әр үш жыл сайын шақырылып тұруы қажет болды. Және де парламент тирания инструменті ретінде пайдалана алатын «Жұлдызды палата» секілді төтенше трибуналдарды жойып, қазынаға өзінің бақылауын орнатады. 1641 ж. «Ұлы ремонстрацияны» қарастырғаннан кейін парламент екіге бөлініп, корольді тақтан айырып, мемлекетте және шіркеуде радикалды бағытқа өтуді көздейді. Бұл абсолютизмге қарсы болған роялистер болып қала берген қалыптыларды қанағаттандырмаса да, дінде англикандықты сақтап қалды. Ремонстрацияға парламенттің 11 дауыс айырмашылығымен ғана қол жеткізілді. Сол кезде Карлдың жақтастары азайып, бұл жағдайды жөндеуге талпынғанда керісінше 1642 ж. азаматтық соғысқа әкеледі. 

   Парламент және роялистер өздерін Англияның конституциялық еркіндігі үшін күресіп жатыр деп санады. Ақсүйектердің және қауым палатасының кейбір мүшелері роялистер болған. Ал корольдің негізгі тірегі ауылдық ұсақ дворяндар болып қала берген. Парламенттің негізгі тірегіне барлық сауда орталықтары жататын. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батыс роялистердің үстемінде болатын, ал шығыс және оңтүстік-шығыс парламентарииге бағынатын. Елдің бірде бір бөлігі, қоғамның табы  бұл екі топтан тыс болмаған.

    XVII ғ. 40 ж. Англия әлі де абсолютисті мемлекет болатын. Король билігіне бағынған парламент сословиелік орган деп аталатын. Ал қауым палатасының көп бөлігін 40 шиллингтік жер цензасы арқылы еркін жериеленушілер сайлады. Шаруалардың, тіпті фригольдердің де сайлауға құқысы болмаған. Төменгі палатаға «құрметті» адамдар, яғни жағдайы жақсы дворяндар, ал корпоративті қалалардан – бай адамдардың өкілдері (көпестер, финансистер, юристер) сайланатын.

   Капитализмнің дамуы мемлекеттердің саяси жағдайында да байқалды.  Буржуазия және жаңа дворяндар  үкіметтен олардың талабын орындауды талап еткен. Абсолютті монархия кезінде буржуазияның наразылығын корольдің өндіріс монополияларына патенттерді сатуы келтірді. Король билігі өте ірі ақша соммасын кәсіпкерлерден алып оларға көптеген жеңілдіктер ұсынды. Алайда король бұндай  жолмен сауда-өнеркәсіптік буржуазияның пайдасын азайтты. Ал монополистер болса, ішкі рынокта жоғары бағалар қойғандықтан, ағылшын буржуазиясына бірігіп, олардың лозунгтары «еркін сауда» болды. Абсолютизм стандартты өндірісін статутын, сауда регламентациясын, оқушылар санын және міндетті түрдегі 7 жылдық тәжірибенің болуын талап етті. Карл осындай жолмен, көптеген штрафпен қазынаның пайдасын көбейтті. Абсолютизм саясаты мануфактуристер мен саудагерлердің ұйымдасушылықпен ұстап отырды /41/.

   Буржуазияның және буржуазияланған дворяндардың байюы олардын мүдделерін қанағаттандыруға жол ашты. Олардың бұл әрекеттері абсолютизмге қарсы күштердің наразылығын туғызды.

  Әлеуметтік-экономикалық дамулармен қоса пуританизмде кеңейе бастаған. Ал король епископтерді және басқа сановниктерді сайлаған: шіркеуді мемлекет қаржыландыратын және шіркеулік десятина халықтан жиналатын. Пуритандар болса осыған қарсы болған.   

   Корольдің күші әлсіз болғандықтан, әрбір қате істелінген іс оның толығымен жеңілісіне әкелетін еді. 1643 ж. парламент келесі одаққа бірігеді – Салтанатты Лигаға және Шотландиямен Ковенантқа.  Осыған қатысты парламент Англияда пресвитариандықты таратуға ұсынады: екі  елдің де наным-сенімдері, шіркеулік құрылысы, дәстүрі ортақ болу керек болды. Ал парламенттік әскерді реорганизациялаудың нәтижесінде компитентті болмағандықтан көптеген әскери басшылар өз лауазымдарынан босатылады. 1645ж. роялистер Нейзбидегі жеңілісінен үлкен зардап шегеді. Ал 1646ж. мамырда Карл шотландықтарға қарай жылжып, сол жақтан парламентпен ұзақ келіссөздер жүргізді. 1647ж. король өзінің жауларының қолына беріледі.  Компромисске жету әрекеттері жоққа шығады. Корольдің өзін жақтау талпыныстары да сәтсіз болады. 1648ж. әскери істер көктемде және жазда қайта жанданады. Әскер бұйрығын орындағысы келмеген қауым палатасының бірнеше мүшелері өз орындарын босатып, корольге жаза қолданатын «Жоғарғы сотты» тағайындайды. 1649ж. 20 қаңтарда король мемлекеттік опасыздық жасады деген айыппен 30 қаңтарда өлім жазасына кесіледі /42/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  60  61  62  63  64  65  66  67  68  69  70  ..