Стюарттар абсолютті монархиясының кризисі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 1

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  60  61  62  63  64  65  66  67  68  69  70  ..

 

 

 II. тарау. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі.

 

Стюарттар абсолютті монархиясының кризисі

 

       Ағылшын абсолютизмінің кризисі XVI ғ. 90 ж. Елизавета билігінің соңғы жылдарында байқалына бастады. Алайда бірінші Стюарттар кезінде ол ішкі және сыртқы саяси бағыттың анықтаушы факторына айналды. Абсолютизмнің формалары және билік тәсілдері неғұрлым әсерлі болған сайын, соғұрлым ол әлсірей бастады және Стюарттардың өзара бақталастығы өрістей берді. Яғни олардың тек корольдің ғана ешбір парламентсіз, сословиялық өкілдердің қатысуынсыз заң шығару тілегін жүзеге асыру әрекеттері абсолютті монархияның жүйесін реакционды сипатқа әкеліп біраз әлсіретеді. Ал неғұрлым таптық күрес өрістеген сайын, соғұрлым қоғам феодалдық құрылысқа біріге бастады: феодалды лордтар, шіркеулер, сарай қызметкерлері.

      Елизавета қайтыс болғаннан кейін корона Яков VI Шотландскийге өтеді. Шотландияда ЯковVI-шы ретінде әйгілі болып, Англияға келгенде өзін Яков I-ші деп атайды.

    Екі дінге де сенушілер Елизаветаның компромисстік саясатына қарсы болған: католиктер – себебі королева дінге тым терең араласып кетті, ал пуритандар – себебі королева оларға қатысты ешқандай дұрыс деп саналатын саясат жүргізе алмады. 1604 ж. Хэмптон-корттегі кеңесте пуритандар ағылшын шіркеулерін реформациялауға  және шотландық шіркеулермен жақындастыру идеясын ұсынады. Алайда олардың бұл ұсынысы ешкімнен қолдау таба алмайды. Бірақ король арнайы комиссия құрып, бұл комиссия Библияның (Яковтың версиясы бойынша) жаңа аудармасын бастап тек 1611ж. бітіреді. Бұл кеңесте король өзіне пуритандарды жақындату мүмкіндігін жоғалтып алады, ал олар болса оның оппоненттеріне қосылады. Ал рим католиктерінің жағдайы 1605 ж. «Порохтық құпия келісімінен» кейін елизаветалық заңдардан айырылу мақсатына мүлдем жетпейді. Сонымен қатар, король Англия үшін католицизм – ағылшын еркіндігін шектейтін дін деп санаған /32/.

   Ол Европаның абсолюттік монархтарына қызыға қарап, Англияда да сондай корольдің абсолютті билігін орнатуды армандаған. Яковтың алдында тұрған екінші мәселе – корона және парламент арасындағы қарым-қатынас. Тюдорлармен парламент арасында конфликт туып отырса да, олар парламентке өз шешімін қабылдата алған.  Яғни бұл халық мүддесін қанағаттандырғаннан кейін жүзеге асырылатын. Бірақ Елизавета билігінің соңғы жылдарында парламент королеваға бағынудан бас тартады.  Өйткені Елизавета ішкі сыртқы қорғанысты орнатқан соң  автократиялық режимді қажет етпеген.  Ал Яков болса бұны түсіне алмады. Керісінше ол король билігін құдай жаратқан деген ойға барынша сендіруге тырысып, парламентті қосымша институт ретінде қарастырған.                                                                                                                                                                                                                              

      Ағылшын абсолютизмінің кризисінің ең анық байқалған кезі – осы  король мен парламент арасында конфликттің пайда болуы: король субсидияларын қолдамау, парламенттердің сессияларының азаюының нәтижесі корольді қаржылық тапшылыққа әкеледі. Сонымен қатар парламент корольдің жүргізген саясатына қанағаттанбай, оны қатты сынауға алады. Яковтың осындай абсолютистік істеріне буржуазия және буржуазияланып келе жатқан дворяндардың мүддесін көздеген парламент депутаттары оның саясатына толығымен қарсы болады. Себебі ол парламенттің келісімісіз салық жинамақшы болғанда парламент өзінің салықты бекіту құқығын пайдалана отырып, король билігін шектеу мақсатымен оған қысым жасай бастады.

    Парламент Яков ұсынған Англияның Шотландияға бірігу және корольдіктер арасында еркін сауда жүргізу идеясына қарсы шығады. Корольдің баж салығын жоғарлату туралы жобасын сот мойындаса да, 1610 ж. парламент оған қарсы болады. Король табыс туралы мәселе бойынша компромисске келмегеннен кейін, парламентті таратып жібереді. Он жыл бойы парламент болмай, тек 1614ж. жиналғанда,  екі ай бойы ол ешқандай мәселені шеше алмады. 1612ж. бастап оның кеңесшілері фавориттер болғанда, қауым палатасы оған өзінің сенімсіздігін білдіреді. 1621 ж. парламент және король арасында «Отызжылдық соғысқа» байланысты өзара келісушілік те болмаған. Яковтың Испаниямен достық қарым-қатынас құру жоспары сәтсіздікке ұшырағанда, Франциямен одақтасу идеясы да дәл осындай жағдайға ұшырайды /33/. 

      Яков жалпы таққа отырғаннан кейін абстрактылы абсолютті монархиясының теориясын түсінді, бірақ оның тарихи шарттық спецификасын жүзеге асыра алмады.

   Англияның  үстем етуші таптары  және парламент католиктік Испанияны теңіз және отарлық қарсыласы ретінде көреді. Осы себептен Яковтың сыртқы саясаттағы бірінші әрекеті халықтың оған күмәндігін туғызды. Ол таққа отыра салып, Испаниямен тез арада одақ құруға асықты. Испанияның Армададағы жеңілісін пайдаланып, ағылшын буржуазиясына қолайлы жағдай туындату идеясы оның ойына келмеді. Сонымен қатар феодалды-католиктік Испаниямен жақындасу саясаты Англияның жаңа қоғамдық қатарының қызығушылығына қайшы келсе де, үкімет пен феодалды дворяндар реакционды абсолютистік Испаниямен одақ құруға әрекет жасаған. 1614ж. Яков өзінің ұлы Карл мен испан инфантасы арасында неке құру туралы келіссөз жүргізе бастайды. Бұл неке оның ойынша корольдің қаржылық жағдайын ретке келтіріп, біраз уақыттай қаржы ісің парламенттен дербес жүргізуге мүмкіндік береді. Осы ағылшын-испан одағын құрудың тағы бір мақсаты – Англияда абсолютистік тәртіптің орнауы.

   1618ж. Германияда Протестанттық уния және Католиктік лига арасында Отызжылдық соғыс басталғанда, ағылшын үкіметі Протестанттық унияға басынан көмектесуді ойластырмаған. Себебі, егер Отызжылдық соғыста австриялық және испан Габсбургтері басқарған феодалды-католиктік топтарға қарсы шыққан протестанттардың жағында күрессе, Англияға Испаниямен қарым-қатынасты үзу қаупі төніп тұрған. Бірақ 1623ж. келіссөздер тоқтатылғаннан кейін Англия Испанияға қарсы теңіз соғысын жүргізіп, «Жаңа әлемдегі» отарларын тартып алудың орнына, үкіметтің шешімімен Франция және Голландиямен жақындасу үшін континенттегі соғысқа араласып кетеді. Ал Франциямен одақ жалпы династиялық, яғни Карл және француз принцессасы Генриэтта-Мариямен некесі негізінде құрылатын болған. Франциямен жақындасу және Рейнге 12 мың ағылшындарды жіберу Карлдың сыртқы саясаттағы соңғы әрекеті болды.   

   Яковтың және Карлдың басқару тарихы – биліктің кризисінің жоғарғы шегімен айқындалады. Жалпы осының барлығы Англияда революцияның алғышарттарына әкелді. Яғни бұл революцияның екі себебі болған : біріншісі – осы кризистің құжат ретінде халық арасында таралуы, екіншісі – төменгі таптың нашар халінің өзінің апогейіне жетуі. Яковтың парламентінде одақтас-таптың  бағдарламасы негізінен XVII ғ. буржуазиялық революцияның ортасында дайындалғандықтан, К.Маркс Яковтың билігін «революция прологы» деп атаған. өрістеп келе жатқан революцияның себебінен парламенттің алдында келесі жағдай туындайды: парламенттің ішіндегі өзара қырқыстың сыртқы ортаға қандай әсері болмақ? Парламент негізінен критикаға алынатын болса, парламент критиктерге өзінің қаруын шығарады. Бірақ негізгі айырмашылық бұнда емес. Парламенттегі күрес негізінен капиталистік даму, таптар мүддесі аясында болса, парламенттен тыс күрестер осы мәселелерді жүзеге асырылмағандықтан болады. Тек корольдің агенттерінің заңсыздығына қарсы жек көрушілік ортақ болады. Нақ осы себептен парламенттік оппозицияны «жалпы халықтың мүддесін» білдірушілер деп атаған. /34/

   Осындай төрт негізгі мәселе абсолютизмнің әлсіреуінің негізгі себептері болып табылады: 1) елдің дәстүрлі конституциясын талқылаумен байланысты туатын күрес, 2) үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатының сынға алынуы, 3)  католиктік қауіпке қарсы реформаларды соңына дейін жүргізу үшін күрес 4) Яковтың сыртқы саясатына байланысты, корольмен парламент арасындағы келіспеушілік. 

  Яковтың қаржы саясатының да өзіндік ерекшеліктері бар: яғни коронаның бұрынғы феодалдық құқығы бойынша парламенттен дербес қаржыны реттеу істерін жүргізу. Бұл ерте кездегі реакция елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сай келмей парламент соттарына қатты қауіп төндірген. Енді осыған байланысты «Үлкен келісім туралы парламенттік меморандум» қабылданады. Осы  меморандумда революцияның одақтас-таптарының аграрлы бағдарламасы шығады. Парламент корольге біруақыттылық  жаппай сатыпалушылықты ұсына отырып, рыцарлық  жерлердің және оған жақын жерлерді еркін сокеджге, яғни жериеленушілердің жекеменшігіне  айналдыруға талап етеді. Бұл жоба – дворяндардың пайдасына қарай жериеленушіліктің феодалдық тәртібін жою туралы бірінші жоба болған. Жалпы бұл меморандумды революцияның аграрлы заңшығарушылық негізіне жатқызды. /35/.

     1621 ж. монополияның 700 түрі болған. Ол кезде тек нанға ғана монополия болмаған. Монополиялар  жүз мыңдаған ағылшындардың өмірімен тікелей байланыста болып, тікелей әсер еткен. Монополиялық жүйе әрбір кәсіпорындық және сауда қызметтерін толық бақылауға алып, ұсақ ауытқуларға үлкен штрафтар салып, ағылшын экономикасына ауырлатты. Ал парламенттен тыс қазынаны байыту шаралары қазынаны емес, керісінше монополиялық патенттердің иеленушілерін байытқан. 1630 ж. монополиялар қазынаға жылына 100 мың фунт стерлинг беретін. Ал нақты айтқанда бұл ақша соммасы монополияшылдардың өз қалталарына салған ақшаның аз ғана мөлшері болып табылатын. Әрине осындай жаппай халықты тоңаушылық, елде наразылық туғызды. 1624 ж. парламенттің қабылдаған декларациясында монополиялар корольдіктің «негізгі заңына қайшы» келеді деп жазылғанына қарамастан, Яков та, оның мұрагері де монополиялық патенттерді сатуды жалғастыра берді. Енді осыған байланысты туындаған экономикалық нәтижелер туралы Кокейн өзінің жобасында қабылдайды. Мысалы, «Голландияға боялмаған «маталарды» шығару Англияға қымбат және тиімсіз болады, себебі голландықтар оны бояп толығымен бітірген соң, Прибалтикаға үш есе сатады» - деп, Кокейн Яковқа боялмаған маталарды экспорттауға тыйым салғыздырады. Осыдан кейі Кокейн жыл сайын қазынаға 300 мың фунт стерлинг түсіре аламыз деп ағылшындарды қызықтырып, боялмаған маталарды авантюрист-көпестерге шығарпай, голланд делдалділігісіз тікелей Прибалтика елдеріне экспорттауды бастайды. Бірақ Голландия Англияға дайын маталарды шығаруға тыйым салып Прибалтикаға тасымалдайтын кемелердің санын азайтады. Бұл шешім ауылшаруашылық аймақтарына ауыр тиеді,өйткені өндірілген тауарлар сатылынбай, Кокейннің бұл жобасы  оларды банкротқа ұшыратады. Нәтижесінде Англия Голландия арқылы боялмаған маталарды Прибалтикаға шығара бастайды.

    Ағылшын абсолютизмі өзінің кризистік фазасына түскеннен кейін, абсолюттің монархтың жақтастарының саны күрт азаяды. Себебі абсолютизмнің өзінің принциптерінен бас тартуы, өзінен бас тартуымен тең болған. Ал келесі фактор – ол «жаңа дворяндардың» позициясының буржуазия позициясына сай келіп олардың бірігуі. Нәтижесінде Стюарттардың ықпал ету диапазоны кішірейіп, екі тапты өзара карсы қою мүмкіншілігі жойылады. Сонымен қатар Тюдорлар дәуіріндегідей объективті шешімдердің болмауы, саяси климатты ауыр халге әкеледі /36/.                  

   Яков монархияны құдай билігі ретінде көріп, біріншіден ол әулие жазбалардан, екіншіден ағылшын корольдігінің ертедегі құқығынан шыққан, ал үшіншіден ол табиғат заңы деп есептеген. Яғни олар таққа құдайдың ұсынысымен отырғызылып, тек оның алдында ғана жауапты болу керек деген көзқарас орнаған. 1625 ж. 27 ақпанда король қайтыс болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  60  61  62  63  64  65  66  67  68  69  70  ..